Дін:Мемлекет қауға сақал мен қысқа балақтыларға тиіспейтін болды
Мемлекет қауға сақал, қысқа балақтылардың соңына шам алып түспейді. Дін істері министрлігі мұсылмандардың сақалы мен балағының ұзындығы қандай болу керектігіне қатысты әлі бір тоқтамға келмеген.
Автор: Азамат Алдоңғаров
28.08.2017
Министрлік қолданыстағы "Діни қызмет және діни бірлестіктер" туралы заңға бірқатар өзгерістер енгізетін заң жобасын әзірлеп жатыр. Бұл күзде Парламентте нағыз қызу талқыға түсетін құжаттың бірі болғалы тұр. Оның ішінде мұсылман қыз-келіншектердің киіміне қатысты бап бар. Бұдан-былай нәзік жандылар бет-жүзін толық тұмшаламауы тиіс. Алайда сақал мен балаққа қатысты нақты ештеңе айтылмапты. Бірақ қажет жағдайда шенеуніктер тыйым салуға дайынбыз дейді.
Еркін Оңғарбаев, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті төрағасының міндетін атқарушы:
-Әзірге мұндай талаптарды қарастырған жоқпыз. Бірақ қалай болғанда да заң толыққанды жұмыс істеу үшін қосымша заң актілерін қабылдауға тура келеді. Сол кезде бәлкім сақал мен балақты қадағалайтын қадамдар жасалуы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!