Реформа: Елімізде оқушылар мен студенттер діни сауатын жаңа оқулық бойынша арттырмақ
Мағынасы жаңарған кітапта діндерді ғылыми тұрғыдан түсіндіру тереңдей түспек дейді авторлар.
Автор: Азамат Алдоңғаров
28.08.2017
Отандық мектеп бағдарламасында «дінтану» пәні тоғызыншы сынып оқушыларына 2009-шы жылдан бастап міндетті пән ретінде оқытылып келе жатыр. Енді араға 8 жыл салып, оқулық жаңармақ. Сондай-ақ, елдегі діни ахуалды ескеріп, Дін істері министрлігі Білім министрлігімен бірлесіп төрт өңірдің жоғарғы оқу орындарында «дінтану» мамандығын да ашуды жоспарлап отыр. Олар Батыс, Шығыс, Жамбыл және Қызылорда облыстары. Бірақ бастамалардың нақты іске асу мерзімі белгісіз.
Нұрлан Ермекбаев, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі:
-Білім министрлігімен бірлесіп, «Қоғам және дін» деген жұмыс атауы бар оқулықты әзірлеп жатырмыз. Ол мектеп бағдарламасына енгізіледі. Оқулықта дінді оқытудың ғылыми негіздемесі мен зайырлы мемлекеттің қағидаларын оқыту күшейтілді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!