Ақтауда қаршадай қызды педофилден құтқарып қалған оқушыны полицейлер марапаттады
10 жастағы Ақжол Сансызбай соқталдай жігіттен сескенбей, оның артынан еріп, көмек шақырып үлгерген.
Автор: Олжас Байжан
29.08.2017
22 жастағы жігіттің кішкентай қызды салынып жатқан үйге қарай күштеп алып бара жатқанын көрген бала оның артынан еріп, болған жайтты ұялы телефонына түсіріп алған екен. Оқушы бейнежазбаны кейін дәлел ретінде пайдалануға болатынын ескергенін айтады. Қаскөйдің қайда тоқтағанын көрген соң құрылысшыларды көмекке шақырып, қаршадай қызды құтқарып қалған. Ал полицейлер тез арада аймақты қоршап, қызды зорламақ болған жігітті 15 минутта ұстапты.
Ақжол Сансызбай:
-"Сендер не істеп жатырсыңдар?",- дегенде ағай қорыққанынан, қызды қылқындырып тұрған жерінен жіберіп қалды. Сөйтіп қыз ағайдың шетінен шығып, қашып кетті. Қызды мен әжесіне апарып, барлығын айтып бердім.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!