{metadescription}
Оңтүстік Қазақстанда мыңдаған дихан банкротқа ұшырады
Оңтүстік Қазақстанда мыңдаған дихан банкротқа ұшырады

Оңтүстік Қазақстанда мыңдаған дихан банкротқа ұшырады

Мақта егіп, соның арқасында күн көріп отырған Мақтаарал ауданының егістігін жаппай зиянкестер жеп кеткен. Мемлекет бөлген тегін дәріні былай қойып, уды өздері сатып алып шашса да нәтиже бермепті. Енді шығынға батқан шаруалар не істерін білмей отыр.

-Мақтааралдық мыңдаған дихан биыл банкротқа ұшырап жатыр. Мыңдаған гектар жерге ақ алтын егіп, өнім күтіп отырғанда, тосыннан келген зиянкес пісуге шақ тұрған егінді тып-типыл еткен. Енді миллиондап шығынға батқан шаруалар кімнен көмек сұрарын білмей дал болуда.

Мақтаарал ауданындағы алқаптардың 80 пайызын бас-аяғы оншақты күн ішінде құрт пен мақта кенесі жайпап тастаған. Мемлекет бір дәрілесе, өзіміз үш мәрте у шаштық деген олар, одан да қайран болмағанын айтады.

Әбсамат Аманбаев, мақташы:

- Мынау шанаққа дейін жеп қойған құрт. Ештеңе алынбайды. Мынау 1 аптадан кейін жеп бітіріп жібереді, болды. Көсекке дейін жоқ қып жібереді.

Соңғы рет мақтаға мұндай нәубет 19 жыл бұрын келген екен. Содан сабақ алған жұрт зиянкестермен күресуді мықтап қолға алғанбыз дейді. Десе де күзгі өнімнен түгел айырылған шаруалар, оны актілеуге тиісті орындардың да келмей отырғанын айтып, мұң шағады. Бар тіршілігі осы ақ алтынға байланысты жергілікті жұрт, енді қалай күн көреміз деп тағы алаң.

Бекберді Молдақадыров, мақташы:

-Осы жылда жұрт мақтасын зауытқа апарып, ақша алатын. Бала-шағасына мектепке киім алатын. Биыл дымсыз қалдық.

Ал шенеуніктер жұртқа келген жұттың себебі көп дейді. Бір жерге дақылды ауыстырмай тек мақта еге берген соң жердің құнары төмендеп, зиянкестерге ыңғайлы жағдай туындатқан. Оған қоса қыстың жылы, жаздың салқын болғаны да кері әсер етіпті. Тағы шаруалардың біразы үкімет бөлген препараттармен ғана шектеліп, зиянкестермен күресуге ерінген-мыс.

Нұрбек Бадырақов, Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті ОҚО аумақтық инспекциясының басшысы:

-Биылғы жылы министрлікке тиісті ұсыныс жолданды.  Яғни 1-ғана ұрпағына емес, кемінде 2-3 ұрпағына дәрі шашу, химиялық препараттарды қолдануға мүмкіншілік жасауға мүмкіндік беруге.

Шымкенттік шенеуніктер министрлік ұсынысты қолдаса келер жылдан бастап зиянкестер күрт азаярына сенімді. Бірақ биылғы шығынға өтемақы берілмейді екен. Сондықтан осы жұттан қалай аман шығарын білмей отырған шаруаларға үкіметтен келер қайран жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.