Астанада енді әскери оқуға тегін түсе алмағандар үлкен шу шығарды
Еліміздің бірнеше облысынан келіп, Елордадағы "Жас ұлан" мектебіне қабылданбаған жеткіншектердің ата-аналары Бас прокуратурадан әділдік іздеп жүр. Айтуларынша, ұлдары спорттан да, тесттен де жақсы нәтиже көрсетсе де, емтиханнан жаппай құлаған.
Автор: Сабина Мәдиқызы
29.08.2017
Әлия Қозыбаева, Астана қаласының тұрғыны:
–Аттестаты толған бес. Нормативі бес. Психотесттің бәрінен өтіп тұр. Төмен балл жинаған балалар бар. Көңілдері қалған Енді "Жас Ұланға" келмейміз деп отыр. Әділдік қайда? Барлық жерде коррупция.
Бас прокурордан араша сұрағандар қолдарына ұлдарының түрлі халықаралық жарыстардан иеленген медаль, дипломдарын да қолтықтай келіпті. Осындай мақтаулы көрсеткіштері бола тұра, 9 сыныпты бітірген балаларының оқуға түсе алмағанына күйініп жүр. Ал, генерал Нұрмағамбетов атындағы "Жас Ұлан" мектебі басшылығының сөзінше, шағымданушылар спорттан алдына жан салмағанымен, психологиялық сынақтан төмен балл алып қалған. Өйткені, жүгіру емес, ішкі төзімділік басты назарда екен. Сонымен қатар оқу орны ешкімді алаламадық деп отыр. Бірақ ашулы ата-аналар «бармақ басты, көз қыстыға» жол берілгенін айтады.
Хамит Байкенов, «Жас Ұлан» Республикалық мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары:
-"Жемқорлық туралы ата-аналардың қайдан алғанын білмеймін. Медициналық комиссия бізге бағынбайды. Олар өз қортындысын жасады. Бәрі әділ болды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!