{metadescription}
Алматыда анасы мен қызы жүйткіген көліктің астына түсіп мерт болды
Алматыда анасы мен қызы жүйткіген көліктің астына түсіп мерт болды

Алматыда анасы мен қызы жүйткіген көліктің астына түсіп мерт болды

Ереже бұзамын деп, ажал құшты! Алматыда күре жолдардың бірімен жүгіріп өтпек болған анасы мен қызы жантүршігерлік жол апатына ұшырады. Жүйткіп келе жатқан көлік оларды байқамай қалып, қағып өткен. Сөйтіп, жол қысқартпақ болған жаяулардың бірі оқиға орнында қаза тапты. Ал, денесінің сау тамтығы қалмаған марқұмның 44 жастағы қызы жан сақтау бөлімінде жатыр.

- Жантүршігерлік жол апаты кеше түнде Әл-Фараби даңғылында болды. Жақын жерде жерасты өткелі болса да, қос әйел жолдың арғы бетіне рұқсат етілмеген жермен жүріп өтпек болады. Алайда, көшенің орта тұсына келгенде батысқа қарай жүйткіген жол талғамайтын көлік оларды байқамай қалып, қағып кеткен.

Оқиға орнына тез арада жедел жәрдем жеткенімен, жаяу жүргіншілердің бірін аман алып қалу мүмкін болмады. Қатты соққыдан 68 жастағы әйел сол жерде тіл тартпай кеткен. Ереже бұзамын деп, апатқа себеп болған марқұмның қызының да жағдайы қиын. Ондаған жерінен жарақат алып, көп қан жоғалтқан ол жан сақтау бөлімінде жатыр.

Ғалымжан Пірмағамбетов, анестезиолог:

- Жағдайы өте ауыр. 2 жамбас сүйегі сынған, 10 қабырғасы сынған,миы шайқалған.

Сондықтан, науқастың аяққа тұруына ұзақ уақыт керек дейді дәрігерлер. Ал, тәртіп сақшылары адам өлімімен аяқталған апаттың мән-жайын анықтауға кіріскен.

Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ІІД ресми өкілі:

- Қылмыстық Кодекстің 345 бабының үшінші тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. /Тиісті сараптамалар тағайындалатын болады. - Осы қылмыс үшін 5 жылдан аса бас бостандығынан айыру мерзімі көзделіп отыр.

Соңғы кездері жаяулардың кесірінен болатын осындай қайғылы оқиғалар жиілеп кеткен. Мәселен, жыл басынан бері тек Алматының өзінде 30-ға тарта апат тіркеліпті. Сондықтан, полицейлер азаматтарға ерінбей, жерасты өткелімен немесе арнайы жолақпен жүру керектігін тағы ескертті. Өйткені, заңға бағынбағандар бірінші кезекте өз өміріне қауіп төндіреді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде