{metadescription}
Үкімет әлеуметтік салаға жарты триллион теңге бөлгелі жатыр
Үкімет әлеуметтік салаға жарты триллион теңге бөлгелі жатыр

Үкімет әлеуметтік салаға жарты триллион теңге бөлгелі жатыр

Үкімет үш жылдықтың бюджетін бекітті. Еліміздің басты қаржылық құжаты мұнайдың бір баррелі 45 доллармен, ал доллардың бағамын 340 теңге деп есептелген. Алда-жалда қара алтын құны төмендесе, курс қайта нақтылануы мүмкін.

Биылғы қазына былтырмен салыстырғанда 135 млрд теңгеге артып, 9 трлн, 218 млрд теңгеге жеткен. Сондықтан жаңа бюджет бұрынғыдан өзгерек болғалы тұр. Себебі Министрлер кабинеті елді асырайтын экономиканың негізгі салаларының шығынын шорт кесіп, қорғаныс, ішкі қауіпсіздіктің ақшасын керісінше кең пішкен. Мәселен, үкімет биыл бұған 1 трлн 90 млрд теңге жұмсауды көздейді. Ол жыл сайын артып, 2020 жылы 1,2 трлн теңгеге жетуі тиіс. Ал экономикалық секторға биыл 1,4 трлн теңге бөлінеді. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрғын үй құрылысына 208, шаруалардың субсидияларына 195, жол құрылысына 293 млрд теңге бар бюджетте. Түбегейлі түрленген қазына жоспары мемлекеттің әлеуметтік жауапкершілігіне де ақшаны жомарт бөлмек. Халықтың зейнетақы, өтемақыларына 400 млрд теңге қарастырылған.

Бахыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі:

-Экономиканың негізгі секторлары шығынының өткен жылғы бюджеттен кем болуының екі себебі бар. Жаңа бюджетте экономиканы Ұлттық қордан емес, мұнай табысынан тыс қаржы көздерінен қаржыландыру көзделіп отыр. Екінші себеп – 2017-2018 жылдар бюджетінің игерілуі бойынша болжамдарға байланысты. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.