{metadescription}
Алдағы уақытта Атырауда аспан астындағы алып мұражай ашылмақ
Алдағы уақытта Атырауда аспан астындағы алып мұражай ашылмақ

Алдағы уақытта Атырауда аспан астындағы алып мұражай ашылмақ

Өйткені мұнайлы аймақтағы ортағасырлық қалалардың орны бірінен соң бірі ашылып, жәдігерлер де жинақталып қалыпты. Солардың бірегейі – қазақ хандығының алғашқы астанасы саналатын Сарайшық қаласы. Кезінде Еуропа мен Азияны байланыстырған атақты қаланың орнында қазір қазба жұмыстары жүргізілуде. Осы жерді зерттеп жатқан археологтарға сенсек, 7 хан жерленген мекен мен-мұндалап тұратын болады.

Сарайшық бұған дейін де сан мәрте қазылған. Бірақ белгісіз себептермен басталған іс аяқсыз қала берген-ді. Тіпті, қаланың үштен екі бөлігін су шайып кетті деген пікір де болған. Бірақ мамандар жақында ескі қаланың қағазға түскен сызбасын тауып, қазба жұмыстарын қайта жандандырыпты. Бұл жұмыстарға қазынадан 1 миллиард 500 миллион теңге бөлінген.

- Қазба жұмыстары бсталғалы аз уақыт өтсе де, табылған жәдігерлер саны біршама. Олардың қатарында әдеттегідей керамикалық ыдыстар мен олардың сынықтары және қоладан құйылған тиындар өте көп.

Қазақ хандығының астанасы болған қала 300 жыл салтанат құрды. Жайықтың қос жағалауына кеме қатынап, маңызды сауда орталығына айналған қаланы ХV ғасырда сыртқы жаулары түгелге жуық жойып жіберген. Сан қатпарлы тарихынан болар, орта ғасырлық қаланы зерттеуге көрші елдердің ғалымдары да қызығушылық танытып отыр.

Вячеслав Плахов, Астрахань бүкілресейлік археологиялық тарих пен мәдениетті қорғау бөлімінің жетекшісі:

- Дәл осы жерге ерекше көңіл бөлген жөн. Көңіл бөліп қана қоймау керек, Самарқанд, Хиуа, Бұхара сияқты атақтылардың қатарына қосу керек. Ол үшін бәрі бар, қаланың орны табиғи қалпында мен-мұндалап дайын тұр міне, соны қалыпқа келтірсе,анау жолмен кетіп бара жатқандардың бәрі мұнаралары күнмен шағылысып тұрған қалаға келер еді. Және Ұлы жібек жолының бойындағы атақты шаһардың шынайы тарихын біле жүрер еді.

Мұның да ауылы алыс емес дейді жергілікті мамандар. Олар кезінде Еуропа мен Азияны паром арқылы жалғап, айына мыңға жуық керуенді қабылдаған Сарайшық, алдағы уақытта адам танымастай өзгереді дейді.

Рашида Харипова, Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының директоры:

- Қазба жұмыстары аяқталғаннан кейін осы жерде консервация жұмыстарын жүргізу арқылы болашақта аспан асты музейін ашу, қонақтар келіп тоқтайтын орын салу, музей ғимаратын кеңейту сияқты үлкен жоспарлы шаралар жүзеге асатын болады.

Ал әзірге ескі қала орны жәдігерлермен қатар, бей-берекет жатқан адам сүйектеріне толы. Бұған өзен арнасының топырақты қазып кетуі себеп болып отыр. Егер қала іргесінен өтетін Жайық жағалауының бір жарым шақырымы бетондалса, орта ғасырлықтардың қаңқасы да шашылмайтын болады. Ал қазірге дейін шашылғандарын тарихшылар қайта жерлемек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде