Ақтөбеде бір мезетте елу жұптың некесі қиылды
Қаланың қақ ортасындағы ашық алаңда өткен салатанатты шарада АХАЖ қызметкерлері жас жұбайлардың әрбірінен жеке келісім алып әуреге түскен жоқ. Күйеу жігіттер мен қалыңдықтар маман сауалына хормен жауап беріп отырды.
Автор: Жаңалық Ахаш
30.08.2017
Ең қызығы бұл неке қию рәсіміне әдеттегідей куә болуға күйеу жігіт пен қалыңдықтың жолдастары мен құрбылары шақыртылмады. Есесіне алтын, гауһар тойларын тойлап жатқан қариялар куәлік етіп, баталарын берді. Неке куәлігін табыстау да соларға жүктеліпті. Жас жұбайлардың барлығы дерлік той өткізуге бүгінгі Конституция күнін әдейі таңдап алғандарын айтады.
Қазгелді Нарман, күйеу жігіт:
-Отан отбасынан басталады дейді. Отанның өз заңы бар. Біздің отбасымыздың өзіміздің заңы болады. Әрине, ол заңдар Отанның заңына бағынатын заңдар. Арнайы жоспарладық. Осы күнге келтіріп істедік. Оған өте қуаныштымыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!