{metadescription}
Дариға Назарбаева әйелдер болмаса денсаулық пен  білім саласының  құрдымға кететінін айтты
Дариға Назарбаева әйелдер болмаса денсаулық пен  білім саласының  құрдымға кететінін айтты

Дариға Назарбаева әйелдер болмаса денсаулық пен білім саласының құрдымға кететінін айтты

Қазақстандағы барлық тауарлар мен қызметтің жартысына жуығын әйелдер өндірген. Кәсіпкер қыз-келіншектердің ішкі жалпы өнімдегі үлесі 40 пайызға жетіп отыр. Бұл шекті көрсеткіш емес. Нәзік жандылар 70 пайыздық межені бағындырмақ ойда. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан іскер әйелдердің саммитінде айтылды.

Әлия Базыкен батыстың сән-салтанатына қызығып, бизнес әлеміне бел шеше кіріскен кейінгі буын кәсіпкерлерінің өкілі. Барлығы қарапайым ермектен басталыпты. Сегізінші сыныпта өзінің алғашқы көйлегін тігіп киген қыздың киімдері қазір күллі елге танымал.

Әлия Базыкен, кәсіпкер

-Мен өздерін еркін сезінетін, жарқын қыздарға киім тігемін. Миландағы, Нью-Йорктегі сән апталықтарын көріп, ерекше шабыттанамын. Олардың стилді, ашық-жарық болып жүргенін көргенде, неліктен бізге де осылай киінбеске деген ойға қалдым.

Халықаралық жиынға Сенат депутаты, әйелдер кәсіпкерлігінің қамқоршысы Дариға Назарбаева қатысты. Сенатор қазір бизнес талаптарының түбегейлі өзгергенін айтты.

Дариға Назарбаева, Сенат депутаты:

-Қазір кім кімнен үйренуі керек деген күмәнді сұрақ. Шынын айтқанда үлкендер бизнес жасауды керісінше жастардан үйренсе деймін. Цифрлік технология, интернет, әлеуметтік желілер бизнес үшін шексіз мүмкіндіктерді ашып отыр. Мен 14-17 жасар балалардың компьютер алдында отырып ақша тапқанын көрдім. Ондай табыс түрі біздің түсімізге де кірмеген.

Әлемде қазір әйелдердің кәсібі деген ұғым жойылды. Бұл үрдіс Қазақстанға да әлдеқашан жеткен. Оған бүгінгі саммитке келген қыз-келіншектер дәлел. Олар құрылыс, ауыл шаруашылығы, өндірісте де өнімді жұмыс істеп жатыр.

Дариға Назарбаева, Сенат депутаты:

-Әйелдер болмаса денсаулық сақтау, білім саласы әлдеқашан құрдымға кетер еді. Жұмыссыздық жайылар еді. 30 пайызға дейін. Құрметті апа-сіңілілер, сіздердің еліміздегі ІЖӨ-ге қосар үлесіңіз 40 пайызды құрайды. Мұнымен де шектелмейді деп ойлаймын.

Іскер әйелдер қауымдастығы 70 пайыз көрсеткішке жетеміз деп отыр.

Ирен Нативидад, Жаһандық әйелдер саммитінің президенті:

-Кәсіпкерлер әйелдер санының жыл санап артуы бұл жаһандық үрдіс. Америкада да кәсіпкерлердің 40 пайызы қыз-келіншектер. Олардың қазынаға салық ретінде табыс кіргізуін айтпағанда, 9 млн жұмыс орнын беріп отыр. Меніңше Қазақстан да жақын арада осы жолға түседі.

Бүгінгі жиында жас кәсіпкерлер аға буынмен танысып, тәжірибе алмасуға келісті. Бұндай жиындар іскерлік байланыс орнатуға оңтайлы дейді олар. Ал ертең іскер әйелдер дәл осы құрамда ЭСКПО қалашығында «Әйелдер болашақ энергиясын қолдайды» атты халықаралық форум өткізеді

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде