Апат: АҚШ-та «Харви» дауылынан қаза тапқандардың саны өсті
Табиғат апатынан енді ес жия бастаған Техас штатының билігі тағы 27 мәйіттің табылғаны туралы хабарлады.
Автор: Аруна Ортай
30.08.2017
Осылайша, соңы алапат су тасқынына ұласқан дүлей дауылдан 30 адамның ажал құшқаны анықталып отыр. Десе де, қаза тапқандардың саны бұдан да көп болуы мүмкін. Өйткені құтқарушылар зардап шеккен аудандарды аралауға енді шықты. Ал жағалауды тексеру әзірге мүмкін болмай тұр. Себебі, су деңгейінің көтерілу қаупі әлі бар. Одан қалды, метеорологтар дауылдың екінші легі келуі мүмкін деген болжам жасады. Әзірге дауыл тынышталғанымен, судың беті қайтпаған. Жолдардың барлығы жабылып, жүздеген көлік суға батып қалған. «Харвиден» келген материалдық шығынды есептеуге жергілікті биліктегілердің қолы тимей жатыр екен. Өйткені, құтқару шаралары әлі жалғасуда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!