{metadescription}
Тарихқа шолу: Қасым ханның «Қасқа жолынан» басталған бүгінгі Конституцияның қауқары қандай?
Тарихқа шолу: Қасым ханның «Қасқа жолынан» басталған бүгінгі Конституцияның қауқары қандай?

Тарихқа шолу: Қасым ханның «Қасқа жолынан» басталған бүгінгі Конституцияның қауқары қандай?

Тәуелсіз Қазақстан тарихында Ата Заң екі рет қабылданды десек, жалпы тарихымызда қолданысқа түскен Конституция бірнешеу. Қасым ханның «Қасқа жолы» мен «Есім ханның ескі жолы», әз-Тәукенің «Жеті Жарғысын» айтпағанның өзінде, мемлекеттің негізгі заңы одақ кезінде де бірнеше рет жаңартылған.

-Ел тарихындағы Ата Заңдарымызды тізбелесек, сонау Қасым, Есім, Тәуке хан тұсындағы тарихи заңдарымыз еске түседі. Ал Кеңес одағынан енші алғаннан кейінгі нұсқадағы Заңымыз алғаш 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған. Бірақ, уақыт өте құрамына маңызды жаңартулар енгізілу керек болды. Сөйтіп, 1995 жылдың 30 тамызында бүкілхалықтық референдум арқылы қазіргі қолданыстағы Конституция жаңа мәтінмен қайта бекітілді.

Ал тәуелсіздікке дейін Қазақстанның мынадай Ата заң үлгілері болған.

  • 1926 ж. Қазақ АКСР Конституциясы

  • 1937 ж. Қазақ КСР Конституциясы

Ол 11 бөлім мен 125 баптан тұрды.

  • 1978 ж. Қазақ КСР Конституциясы

10 бөлім, 19 тарау және 173 баптан тұрды.

Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы 1993 жылы бекітілді. Оған дейін 1991 жылдың 16 желтоқсанында қабылданған «ҚР-ның Тәуелсіздігі туралы» конституциялық заңына арқа сүйедік. Ал 1995 жылы жаңа нұсқа жариялауға айтарлықтай себеп болды. Өйткені, оған алғаш рет азаматтың құқығы емес, адам дүниеге келген сәттен басталатын құқықтары енді. Сондай-ақ, Президент мәртебесі анықталды. Сарапшылардың айтуынша, бұл нұсқа халықаралық талаптарға да сай жасалған.

Марат Бәшімов, Еуропа құқығы және адамзат құқығы институтының директоры:

-Бір ғана мақсат бар Конституцияда: конституциялық норманы орындау керек. Бәріміз орындап, құқықтық үстемдіктерді жоғарғы деңгейге көтерсек, бәрі де келеді деп. Тағы бір айта кетерлігі, біз емес, халықаралық сарапшылар Еуропа Одағының, Еуропа Кеңесінің БҰҰ-ның өздері де айтып отыр, біздің Конституцияның нормалары барлық шарттарға сәйкес келеді адам құқықтары жөніндегі.

Қазір Конституцияның 95-ші жылғы нұсқасын қолданып отырғанымызбен, оның өзі бүгінге дейін 4 рет өзгертілген. Соңғы рет биыл оныншы наурызда жаңартылды. Оған Президенттің өз өкілеттілігінің біраз бөлігін атқарушы билікке бөліп беруі себеп болды.

Үнзила Шапақ, ҚР Конституциялық кеңесінің мүшесі:

-Бұл өзгерістер мен толықтырулардың барлығы халықтың жағдайын жақсарту үшін ғана. Мысалы айтсаңыздар, биылғы жылғы жобаны халық талқылаған кезде 26-бап бойынша өте көп пікірлерін айтты. Әрине соңында ол пікір есепке алынып, Президент шешім қабылдады. Бұл демократиялықтың белгісі болып табылады.

Соңғы рет Конституцияға 26 өзгеріс енгізілген. Президент өзіне тиесілі 35 түрлі билігін Үкімет пен Парламентке бөліп берді.

Сөйтіп, Үкіметті жасақтауда енді премьер-министр депутаттармен ақылдасып, өз бетінше шешім қабылдай береді. Тек Қорғаныс, Ішкі және Сыртқы істер министрлерін тағайындау құзыры ғана президентте қалған. Сондай-ақ, президент бүтін мемлекеттің басты заңының мызғымастығының кепілі болып табылады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде