{metadescription}
Атаулы дата: Конституция күні қалай тойланды?
Атаулы дата: Конституция күні қалай тойланды?

Атаулы дата: Конституция күні қалай тойланды?

Бүгін Атырау мен Алтай арасындағы Ұлы Дала елі Конституция күнін атап өтуде. Ата заңымыздың қабылданғанына биыл 22 жыл. Нұрсұлтан Назарбаев басты құжаттың құндылықтарын, тәуелсіз мемлекет болып қалыптасуымызға қосқан үлесін тағы бір түсіндіріп, мейраммен құттықтады.

Таңнан басталған думандардың қазір нағыз қызған шағы. Ең басты мерекелік шаралар қазір мен тұрған "Бәйтерек" алаңында өтіп жатыр. Өйткені бұл күн күнтізбеде қызылмен белгіленгендіктен, бүгін елде демалыс. Алдымен ел жұртты айтулы датамен президент құттықтады. Тілегін хатқа жазған Нұрсұлтан Назарбаев Ата Заңның бергені туралы көп айтқан.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

-Осыдан 22 жыл бұрын жалпыхалықтық референдумда қабылданған Ата заңымыз Қазақстан Республикасының зайырлы, құқықтық және біртұтас мемлекет ретіндегі базалық негізін қалады. Конституциямыз Қазақстанның әлемнің озық 30 елінің қатарына қосылуы жолында жаңғыру үдерісін одан әрі іске асырудың, демократиялық бастамаларымызды нығайтудың, азаматтардың әл-ауқатын көтерудің және қоғамды біріктірудің маңызды факторы болып саналады. Барша қазақстандықтарға шын көңілден бейбіт өмір, табыс және құт-береке тілеймін!

Сондай-ақ, конституциялық реформаға тоқталған Елбасы соңғы өзгерістер еліміздегі саяси жүйені жақсартқанын айтты. Ал басты құжаттың маңыздығынан көрі, қарапайым халық думандардың қызығына түсіп кеткен.

-Барша қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтаймын. Бейбіт өмір, ашық шаңырақ тілеймін.Концерт көріп, демалып, үйге қайтып барамыз.

-Құрметті қазақ елі, бүгінгі Ата заңымыздың мерекесі құтты болсын.Болашақ жастардың қолында. Жастардың ұйымдастырған концерті өте тамаша өтті.

Мереке болғандықтан бүгін ЭКСПО-ға келушілердің де саны еселеп артқан. Павильондарға кіру үшін жұрт ұзын-сонар кезекте тұр. Көрмеде де, айтулы күн ерекше тойланып жатыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде