{metadescription}
Еліміздегі іскер әйелдер шағын кәсіпті қойып, энергия өндіруге кіріспек
Еліміздегі іскер әйелдер шағын кәсіпті қойып, энергия өндіруге кіріспек

Еліміздегі іскер әйелдер шағын кәсіпті қойып, энергия өндіруге кіріспек

Ал қыз-келіншектердің өндірістің мұндай ауыр түрімен айналысуына Үкіметтің өзі қолдау көрсетеді. Яғни, дайын бизнес жоспары бар нәзік жандарға төмен пайызбен несие таратылады.

Тамара Дүйсенова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

-Қазір біз өзіміздің бағдарламамыз бойынша, жылына 6 пайызбен беріп жатырмыз. Осы пайыздан жоғары болмайды тіпті төмен болуы мүмкін. Қазір Еуропалық банкпен келісіп жатырмыз. 

Жаңа бағдарлама биыл қарашада жұмысын бастайды. Оған қалада, ауылды жерлерде тұратын кез-келген әйел қатыса алады. Бірінші кезекте энергия өндіруге қатысты инновациялық идеялар қабылданбақ. Сондай-ақ, тігін цехын, наубайхана, балабақша, дүкен  ашып, жалпы шағын және орта  бизнеспен айналысамын деген қыз-келіншектерге де мемлекет несие бермек. Үкімет әйелдер кәсібін кеңейтемін десе де көмек көрсетеді. Басты мақсат – қоғамдағы қолынан іс келетін нәзік жандардың жұмысына қолдау көрсету. Жасыл экономика және баламалы энергетика  өндірісін дамыту. Ал жаңа  технологияларды игеру мәселесін дүниежүзінің 25 елінен жиналған 300-ден астам іскер қыз-келіншек Астанада талқылады. Осылайша, әлем әйелдері сарқылмайтын, экологиялық таза энергия өндірісіне өз үлестерін қоспақ.

Ирен Нативидад, Жаһандық әйелдер саммитінің президенті:

-Меніңше, әлемнің кілті әйелдің қолында. Біз күнде үйде, жұмыста жан-жағымызға энергия беріп жүреміз. Сондықтан «энергия» мен «әйел» деген сөздерді қатар қоямын. Бірақ қыз-келіншектер отбасы мен қызметті тең ұстай алуы қажет. Қазір жастар белсенді, бұған қол жеткізеді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.