{metadescription}
Семейде баспанасы өртеніп кеткен бүтіндей бір отбасы далада қалды
Семейде баспанасы өртеніп кеткен бүтіндей бір отбасы далада қалды

Семейде баспанасы өртеніп кеткен бүтіндей бір отбасы далада қалды

2 бөлмелі ағаш үй тілсіз жаудың кесірінен күлге айналған. Жылдар бойы жиған-тергенінен бір сәтте айырылған отбасы бір ауыстырып киетін киіммен ғана қалыпты. Енді балалары да жаңа оқу жылына ел қатарлы бара алмай қалуы мүмкін.

Түстен кейін гаражда тұтанған от әп-сәтте ағаш үйді шарпыған. Сөйтіп, өрт желдің әсерімен өршіп кетіпті. Құдай сақтап, жиналған жұрт баспана ішінде қалған отағасы мен қызыл жалын шарпыған көрші үйді құтқарып қалған.

Амангелді Сұлтанбеков, оқиға куәгері:

-Халық жиналды. Олар не істейді? Өртке мүлдем жолай алмай қалды. Бәрі шелекпен екінші үйді сақтауға кетті. Оның төбесі жанып жатыр.

Осылайша, бас-аяғы 20 минутта үйдің де, гараждың да түгі қалмаған. Бүгінде, күлге айналған тұрмыстық заттардың қалдықтары төңіректе шашылып жатыр. Ал дымсыз қалған отбасы енді кімге барып алақан жаярын білмейді.

Алёна Бронникова, зардап шегуші:

-Балаларымның киім-кешегін түгендеп қойғанмын. Жаз бойы жұмыс істеп тапқан ақшама алдым. Енді бәрі жанып кетті. Биыл қызым даярлық тобына барып, ұлым 5-ші сынып оқуы керек. Оларды енді мектепке қалай жіберемін?!

Ал жергілікті әлеуметтік қызмет өкілдері Бронниковтар отбасы өздерінен көмек сұрап келмегенін алға тартты. Айтуларынша, олар далада қалғандарын дәлелдейтін анықтама әкеліп, әкімдіктен көмек алуға өтініш жазулары керек.

Маржан Үсенова, Семей қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі:  

-Әрине, қиын жағдайға түскен отбасы болса, көмек ала алады. Ол, үшін өздері келіп өтініш жазу керек. Бұл өтініш заң аясында 8 күннің ішінде қаралады. Қортынды комиссияның шеміне сәйкес шығады.

Әйтсе де, жергілікті билік олардың қара бастарына көмектескенмен, өртенген баспанаға өтемақы төленбейтінін айтып отыр. Өйткені мемлекет тарапынан қолдауға ие болу үшін, кез-келген тұрғын үйін сақтандыруы қажет. Ал барлық құжаты жанып кеткен отбасы бүлінген баспанасын өз күшімен қалпына келтіру керек. Екеуі де жұмыссыз ерлі-зайыптылар енді ел арасындағы жомарт жандарға алақан жаюға мәжбүр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде