{metadescription}
Үндістан астанасында көпқабатты үй құлап, 11 адам опат болды
Үндістан астанасында көпқабатты үй құлап, 11 адам опат болды

Үндістан астанасында көпқабатты үй құлап, 11 адам опат болды

Тағы 30-дан астамы әлі қирандылар астында қалып қойған. Оларды құтқару үшін барлық күш жұмылдырылғанымен, қазірше оңды нәтиже жоқ.

Мумбайдағы бұл апаттың салдары қандай болары әлі белгісіз. Өйткені аршу жұмыстары әлі жалғасуда. Жергілікті биліктегілердің айтуынша, бұл көпқабатты үй осыдан жарты ғасыр бұрын тұрғызылған. Онда 9 отбасы тұрып келген. Нөсер жауынның үй іргетасын шайып кетуі апатқа басты себеп ретінде қарастырылуда. Өйткені бір күн ішінде Мумбайға 30 см жауын-шашын түскен. Бұл соңғы 12 жылда болмаған нөсер. Сондай-ақ, мұнда құрылыс талаптары да сақталмаған болуы мүмкін. Ал ол, Үндістанда ең жиі кездесетін олқылықтардың бірі.

Манодж Шарма, полиция комиссарының орынбасары:

-Құлаған үйдің астында тірі қалған адамдарп бар. Олар туыстарына ұялы телефон арқылы хабарласып, көмек сұрауда. Сондықтан біз ауыр техниканың мүмкіндігін толық пайдалана алмай отырмыз. Құтқару шарасы көбірек уақыт алады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде