Ирак әскері жихадшыларды қуып шықты
Ирак әскері, федералдық полиция мен күрдтердің жасағы Таль-Афар маңында кескілескен ұрыс жүргізіп жатыр. Бұл қала өткен сенбіде ДАИШ содырларынан азат етілген еді. Бірақ шегінген жихадшылар әл-Аядияда бекініп, қарсылық танытуда. Кейбірі босқындардың арасына жасырынып, жойқын жарылыстар жасаған.
Автор: Олжас Байжан
31.08.2017
Ирак қарулы күштері кеше ғана осы Таль-Афардың шығыс бөлігін бақылауға алғанын хабарлаған. Бірақ Ливан мен Сириядан содырлардың бірнеше легі ағылып келіп жатыр екен. Естеріңізге салсақ, өткен аптада осы Таль-Афардан отандастарымыздың босап шыққаны туралы айтылған. 10 бала мен 4 әйел жақын күндері Қазақстанға келуі тиіс. Қақтығыс ошағында олардың не істеп жүргені ресми айтылмағанымен, барлығы ДАИШ сапында соғысқан жиһадшы қазақтардың отбасылары болуы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!