{metadescription}
Семейде күнбағыс қалдықтары сақталған қойма отқа оранды
Семейде күнбағыс қалдықтары сақталған қойма отқа оранды

Семейде күнбағыс қалдықтары сақталған қойма отқа оранды

Бас-аяғы үш сағаттың ішінде қызыл жалын мың шаршы метр аумақты шарпыған.

Айналаны қара түтін жайлағандықтан, құтқарушыларға тілсіз жауды бірден ауыздықтау мүмкін болмаған. Айтуларынша, ағаштан тұрғызылған қойманың ішінде 50 тонна өсімдік дәнінің майын айырғаннан кейінгі қалдық сақталыпты. Ол тез жанып, өрт сөндірушілерді жалыны жақындатпай әбден састырған. Сондықтан оттың екпінін алпысқа жуық өрт сөндіруші әрең басыпты. Олар 11 техникамен бірге өртке қарсы пойызды да шақыртуға мәжбүр болған. Қазіргі уақытта құтқарушылар өрт шыққан аумақты қадағалауға алыпты. Өйткені қалған қалдықтың қайта тұтанып кету қаупі бар. Ал өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде