Америкада тұратын қандасымыз ""Харви" дауылынан қалай қорғанып жүргенін айтты
АҚШ-қа тағы Торнадо келе жатыр. Техасты әбігерге салған «Харвидың» тынышталғаны сол еді, ауа райын болжаушылар екінші дауылдың соғатыны жайлы смс-хабарламалар таратты.
Автор: Аруна Ортай
31.08.2017
Дауылдың қайтадан нақты қашан соққы беретіні белгісіз. Дегенмен, оның күші әлдеқайда жоғары болады деген болжам бар. Ал Харвиден көз жұмғандардың саны 38 адамға жетті. Апаттан аман қалғандар да табылды. Құтқарушылар бірнеше тәуліктен бері жартылай суға батқан үйлерді паналаған 20 мыңға жуық тұрғынды аман-есен алып шықты. Ал дауылдан келген материалдық шығын мөлшері әзірге 100 миллиард доллар деп бағаланып отыр. Харвидің жылдамдығы метеорологтардың жағасын ұстатты. Арнайы құрылғылар дауылдың күші сағатына 215 шақырымға жеткенін көрсетіпті. Осындай орасан зор алапаттың ортасында біздің жерлестеріміз де болған. Әсіресе, Хьюстанда тұрып жатқан қазақтар өте көп. Құдай сақтап, барлығы дін аман.
Дәл қазір Харвиді көзбен көрген АҚШ-тағы қазақ отбасымен байланысқа шыққалы жатырмыз. Сүйеніш Қожагелдин және оның келіншегі Жансая Оразалина АҚШ-та оқып, жұмыс істейді.
- Хьстондағы қандастарымыздың халі қалай? Апаттан кейін азық-түліктен тарылып жатқан жоқ па?
- Олардың баспаналары қазір қандай жағдайда?
- Тағы торнадо тұрады деп жатыр. Оған дайындықтарыңыз қалай?
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!