Елімізде шәйдің қымбаттауын тұрғындар елемейтін болып шықты
Елімізде жыл басынан бері шәй мен кофенің құны 16 пайызға пайызға өскен. Дегенмен, күніне қызыл күрең шәй ішпесе басы ауыратын тұрғындарға бағаның көтерілуі еш кедергі болмағандай. Яғни сұраныс артпаса, тіпті де төмендемеген.
Автор: Асқарбек Қазанғап
31.08.2017
Статистиканы сөйлетсек, биыл елімізге 21 млрд теңгенің 17 мың тонна шәйі импортталған. Тамызда оның бағасы 0,1 пайызға өсіп, бір келісі орташа 3 мың теңгеге жетіп жығылды. Шәй қымбат өңірлердің көшін Қостанай бастап тұр. Ол жақтың тұрғындары бір келіге шамамен 3300 теңге төлейді. Алматы мен Астана да осы үштікте. Орта есеппен, әр қазақстандық жарты жылда 1 жарым келіден астам шәй мен кофе ішеді екен. Қазақстанға негізіген бұл өнім Кения, Үндістан және Ресейден жеткізіледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!