{metadescription}
 Қарағанды облысында шахта ішінен шыға алмай көз жұмған кеншілер өмірлері  үшін соңына дейін күрескені анықталды
 Қарағанды облысында шахта ішінен шыға алмай көз жұмған кеншілер өмірлері  үшін соңына дейін күрескені анықталды

Қарағанды облысында шахта ішінен шыға алмай көз жұмған кеншілер өмірлері үшін соңына дейін күрескені анықталды

Қарағанды облысындағы кеніште кезекті апат! Шахтинск қаласындағы «Казахстанская» шахтасында метан газына уланып, 3 кенші қаза тапты. Оқиға таңғы төрттің шамасында болған. Сол учаскедегі қалған 129 кенші шұғыл түрде жоғарыға шығарылыпты. Солардың ішінен тағы 3 кенші өздерін жайсыз сезініп, ауруханаға түсті. Қазір кен орны уақытша жұмысын тоқтатып, мемлекеттік комиссия апаттың нақты себептерін анықтауға кірісті.

-Апат мына Қазақстан шахтасында былтырдан бері игеріле бастаған жаңа учаскеде болған. Мамандар ол жерде қауіптің иісі сезілмегенін айтады. Алайда 615 метр жердегі тереңдікте мол көлемде метан газы жиналған көрінеді. Ақыры осы түнде қатты қысыммен тез арада тараған қауіпті газдан 3 кенші қашып құтыла алған жоқ.

Қазір марқұмдардың кімдер екені мәлім. Олардың бірі -  артында үш баласы мен жары еңіреп қалған 34 жастағы Рустам Ахметжанов. Ал 37-дегі Валерий Руденконың 2 баласы бар. Үшінші кенші, 31-ге жаңа толған Максим Шебановтың да артында бір баласын құшақтап, аяғы ауыр келіншегі қалды. Болжам бойынша, 3 кенші апат кезінде қандай да бір әрекет етуге дәрменсіз болған.

Ибрагим Күлшімбаев, Қарағанды облыстық ТЖД бастығы: 

-Себебі метан мен көмір  араласып шашылған. Тыныс алу құрылғысы ашылыпты, көрдік жаңа. Бірақ уақыт болмаған. Барлығының денелері сау, газдан уланып, тұншыққан.

Шахта басшылығы метан газы тарала бастағанда-ақ құтқарушыларды шақырып, кеншілерді кейін қайтара бастадық дейді. Бұл уәждерін енді арнайы комиссия мен полиция тексереді. Ал сол газдан уланған өзге 3 кенші Қарағандыдағы облыстық медициналық орталыққа жеткізілген.  

Айжан Иса, Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

-Үш адам облыстық медициналық орталыққа апарылды. Бір адамға амбулаториялық көмек алды. Облыстық ауруханада жатқан адамдардың жағдайлары орташа дәрежеде деп айтуға болады. Қазіргі уақытта бүкіл медициналық қызмет көрсетіліп жатыр.

«Арселор Миттал Теміртау»  компаниясының көмір департаменті марқұмдарды ақтық сапарға шығарып салу рәсімін көтереміз деп отыр. Еңбек келісім-шарты бойынша бал-шағасына да қыруар қаражат беріледі деп уәде етуде. Арнайы комиссия апаттың нақты себебін алдағы 10 күнде анықтауы тиіс. Полиция да шахтадағы еңбек қауіпсіздігінің сақталмауына қатысты іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастаған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде