«Қорғаста» адамды пышақтап өлтірген жігіт сот алдында жауап беріп жатыр
22 жастағы Алматы облысының тұрғыны Диас Кәрібжановқа «адам өлтіру» бабы бойынша айып тағылған.
04.09.2017
Ал оны тек қорғанды деп санайтын анасы, ұлының ісін 99 баптан 102-ге яғни «өзін-өзі өлтіруге мәжбірлеу» тармағына ауыстыруды талап етті. ҚазірАлматы облыстық мамандандырылған ауданаралық сотында куәгерлерден сұрау алынуда. Естеріңізге салсақ, 4-ші маусым күні қазақ-қытай шекарасында саудагерлердің затын өткізіп, делдалдық қызмет істеп жүрген Диас Кәрібжанов пен оның жерлесі Қуаныш Төлегенов жанжалдасып, кейін Диас кеденшілердің көз алдында қарсыласына пышақ сұғып алған болатын. Төлегенов ауруханаға жетпей көз жұмды. Ерегес кезінде жараланған Диас та ауруханада ұзақ жатқанымен, енді біраз уақыт бостандық көрмеуі мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!