{metadescription}
Ірі көлемде пара алған Атбасар ауданының әкімі тергеу біткенше түрмеде отырады
Ірі көлемде пара алған Атбасар ауданының әкімі тергеу біткенше түрмеде отырады

Ірі көлемде пара алған Атбасар ауданының әкімі тергеу біткенше түрмеде отырады

Сот бүгін Андрей Никишовты екі айға қамауға санкция берді. Әкім 2 миллион теңгені өзінің орынбасары Айтқабыл Серкебаевпен бірге алып жатқан жерінде ұсталған болатын. Көп жыл аудан басқарған бұл екеуі мұндай ауызбастырықты жиі алып тұрғанға ұқсайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро қызметкерлері Никишовтың қолына тура кабинетінде кісен салды. Орынбасары Серкебаев екеуі «Ишимстройинвест» серіктестігінен Атбасар қаласының бу қазандығы мен жылу құбырларын жөндеу жұмысына қатысты актілерге қол қою және мемлекет қаражатын олардың есеп-шоттарына еш кедергісіз аудару үшін 2 миллион теңге алмақ болған. Олар бірнеше жылдан бері топан судан көз ашпаған халықтың жағдайын да жеке бастарына пайдаланып келіпті. Төтенше жағдайдан кейін өзен жағалауларын, жолдарды, әлеуметтік нысандарды жөндеу жұмыстарына бөлінген қаражатты игеру барысында да екеуі мердігерлерден жүйелі түрде 10 миллион теңгеден аса пара алды деген күдікке ілігіп отыр.

Қайрат Хасенов, Көкшетау қалалық сотының судьясы:

-Көкшетау қалалық сотымен Ақмола облысындағы Атбасар ауданының әкімі  Никишов Андрей Николаевич және оның орынбасары Серкебаев Айтқабылға қатысты 2 айға қамауда ұстау туралы бұлтартпау шарасы санкция берілді. Қазіргі уақытта осы қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде