{metadescription}
Солтүстік Кореядағы сутегі бомбасы сынағы Қазақстанға да сезілді
Солтүстік Кореядағы сутегі бомбасы сынағы Қазақстанға да сезілді

Солтүстік Кореядағы сутегі бомбасы сынағы Қазақстанға да сезілді

Жер сілкінісі әсері ел аумағындағы отызға жуық сейсмикалық станциялардың барлығында байқалған. Сенбіден жексенбіге қараған түні Солтүстік Корея сутегі бомбасын сынақтан өткізген болатын. Бұл АҚШ билігін де қатты алаңдатып отыр. Дегенмен, саяси сарапшылар Пхеньянға қарсы енді санкциялар күшейгенімен, ашық соғыстың ауылы алыс екенін айтады.

Солтүстік Корея сутегі бомбасын сынақтан өткізуі сол еді, Жапония Біріккен ұлттар ұйымынын қатаң шаралар қолдануға шақырып отыр. Халықаралық ұйымның қауіпсіздік кеңесі сынаққа қатысы шұғыл жиынды осы аптада өткізбек. Сарапшылар осы отырыста Пхеньянға қарсы саяси-экономикалық қысым арттырылуы мүмкін дейді.

Жұмабек Сарабеков, Тұңғыш Президент қорының сыртқы саясат бойынша сарапшысы:

-Солтүстік Кореяға қарсы санциялар режимі күшейтіледі. Санкциялар әрі қарай тереңдетіліп, кеңейтіле түседі. Соның ішінде әсіресе экономикалық санкциялар. Себебі, бүгінгі таңда Солтүстік Кореяға жасалған экономикалық қысым өз нәтижесін беруде.

Ядролық бомба сынағы өткен сенбіден жексенбіге қараған түні өткізілген болатын. Салдарынан қуаты 6,3 балдық жер сілкінісі тіркеліп, оның толқыны шалғайдан біздің елге де сезіліпті.

Мария Гессель, Сейсмологиялық институттың сейсмологиялық мәліметтерді жинау және саралау орталығының бастығы:

-Жарылыс осыған дейінгі сынақтардандан әлдеқайда күшті болды. Әсері бізге қатты сезілмесе де елдегі отызға жуық сейсмикалық станциялардың барлығында тіркелді. Мұндай жойқын жарылыстар жердің ішкі қабатына айтарлықтай залал келтірері сөзсіз.

Ал солтүстігіндегі қандастарынан қауіптенген Оңтүстік Корея АҚШ-пен бірлесіп баллистикалық зымырандарын тексеріп, әскери жаттығуға кірісіп кетті. Сондай-ақ, Сеулдің сұранысы бойынша АҚШ Корей түбегінде стратегиялық қару түрлерін орнататын болды. Дегенмен, сарапшылар ашық соғыс болмайтынына сенімді.

Жұмабек Сарабеков, Тұңғыш Президент қорының сыртқы саясат бойынша сарапшысы:

-Ашық соғыс қимылдары АҚШ-тың серіктестеріне соның ішінде Оңт. Кореяға, Жапонияға, Қытай немесе Ресейге, бұлардың мүдделеріне қайшы келеді. Соғыс басталған жағдайда ең көп зардап шегетін мемлекеттердің бірі көршілес жатқан Оңтүстік Корея.

Сарапшының сөзінше, экономикалық немесе ашық соғыс болсын, әлемдегі барлық әскери қақтығыстар Қазақстанға салқынын тигізбей қоймайды. Сондықтан Кореядағы жағдайдың бейбіт жолмен шешілуіне біздің ел де мүдделі. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде