{metadescription}
 Сенатор атанған бұрынғы Білім министрі неліктен көрінбей кеткенін айтты
 Сенатор атанған бұрынғы Білім министрі неліктен көрінбей кеткенін айтты

Сенатор атанған бұрынғы Білім министрі неліктен көрінбей кеткенін айтты

Парламенттің бірлескен отырысы аяқтала сала, әдетте аптаның бейсенбісінде жиналатын сенаторлар асығыс іске кірісті. Бүгін жоғарғы палата депутаттары қатарға қосылған жаңа мүшелерінен ант қабылдап, комитеттер мен олардың төрағаларын бекітті.

6 комитеттің тең жартысының тізгіні нәзік жандылардың қолында. Олар енді қаржы, бюджет пен әлеуметтік салаға жауапты. Сенаттың халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік ісі өзгеріссіз Дариға Назарбаеваның мойнында. Алғашқы жұмыс күнінде жауапкершіліктер жүктелгенмен, депутаттар әлі толыққанды жұмысқа кіріскен жоқ. Кейбірінің тіпті жұмыс кабинеттері де сайланбапты. Буынып түйініп жеке заттарын тасып, жаңа жайға үйренісіп жатқандардың арасында жаңа есімдер көп. Мәселен, Мәжіліс төрағасының тағынан бастап, Білім министрінің креслосын тоздырған су жаңа сенатордың бірі Бақытжан Жұмағұлов. Басынан дау арылмайтын білімді реформалаймын деп атынан ауып түскен Жұмағұлов енді осы салаға  Сенатта отырып бас-көз болмақ.

Бақытжан Жұмағұлов, Сенат депутаты:

-Көрінбей кеттіңіз ғой дейді көбісі. Көрінбей кеткенде талай-талай үлкен іс-шараларды атқардық. Өмір бақи ғылым саласында келе жатқан адам болғаннан кейін, өзім мұғалімдіктен бастап, бүгінге дейін осы білім саласында келе жатырмын.  Осы саланы мен жақсы білгендіктен, осы салаға сұрандым.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде