Елімізде басынан дау арылмаған міндетті медициналық сақтандыру кейінге шегерілуі мүмкін
Елімізде ресми түрде жаңа саяси маусым басталды. Бүгін сенаторлар мен мәжілісмендер жазғы каникулдан оралды. Парламенттің 6-шы шақырылымының 3-ші сессиясын президенттің өзі келіп ашты. Мемлекет басшысы әбден тынығып, демалып келген депутаттарға алдағы уақытта қандай заңдарды жаңарту керектігін айтты. Ең алдымен міндетті медициналық сақтандыру туралы заңды жіті қарау, Ұлттық банктің құзыретін кеңейтіп, екінші деңгейлі банктерді қатаң қадағалау, сондай-ақ тергеушілердің қолына түскен әр істі бақылауды тапсырды.
Автор: Жәудір Оразхан
04.09.2017
Екі айдан бері бос тұрған парламенттің ғимаратында бүгін қызу тіршілік басталды. Алдымен ауыл-аймақты аралап сайлаушыларымен кездескеннен кейін шекара асып, демалып келген депутаттар тегіс жұмысқа оралды. Олар жылда парламенттің кіре берісінде жазғы каникулды кім қайда өткізгенін жарыса айтып жататын. Биыл халық қалаулылары жұмбақ күйде жүр, демалыстан алған әсерлерімен де аса бөліскісі жоқ.
–Кейін сөйлесеміз.
–Бай-бай.
–Бай-бай.
-Жақсы, рахмет.
Ал жаңа маусымды ашқан Президент бірден тапсырма беруге кірісті. Ескертуді Нұрсұлтан Назарбаев міндетті медициналық сақтандыруды келістіре алмай отырған Денсаулық сақтау министрінен бастады. Өйткені, ведомство арнайы қор құрып, азаматтардан 5 миллиардтан астам теңге жинап алған. Алайда жаңа жүйеге толық көшуге дайын емес.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:
-У нас 2,7 миллиона человек считаются самозанятыми. Я все время задаю всем министрам социальной защиты вопрос - где это такое есть в мире слово "самозанятые"? Это самый прямой уход от налогов, вот что это такое!Министр здравоохранения, я прав или нет? Почему вы говорите, что мы переходим к медицинскому страхованию, если у нас такие вопросы? Давайте этих переведем на страховое, а этим будем платить. Тогда скажет, почему я должен платить, если какая-то часть населения будет бесплатно получать эти услуги? Давайте разбираться.
Яғни, басынан дау арылмаған міндетті медициналық сақтандыру тағы 2 жылға кейінге қалдырылуы мүмкін. Өйткені, министр Біртанов қосымша уақыт сұрап отыр. Бұдан кейін Назарбаев депутаттарға Ұлттық банктің құзыретін кеңейтуді ұсынды. Бас банк екінші деңгейлі банктерді қатаң қадағалауы тиіс. Әйтпесе, жеке банктер мемлекеттің мойнына мініп алған. Субсидиялардың қайда жұмсалып жатқаны тағы түсініксіз.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:
-Банки все частные работали, дошли до ручки – и теперь государство опять финансирует. Надо кончать с этим. Надо эти банки лучше уничтожить и взять на себя, чем им платить. Почему мы должны частника – сам работает, зарабатывает – и ещё и субсидировать?
Назарбаев тергеушілердің арасындағы былықтан да хабардар. Президент қылмыстық істі тергеуді түбегейлі реформалау керек деп отыр. Қазір полицейлер қолына түскен күдіктінің айыбын қалай дәлелдесе де өзі біледі. Қадағалап жатқан ешкім жоқ.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:
-Человека, допустим, осуждают по какой-то статье, что-то он там проворовался или что-то такое сделал, и смотрит следователь, что не хватает фактов для доказательств... Так вот, ему "припаяют" побочное, что его жена купила какой-то дом. И уже начинают судить по этому. Это в какие рамки лезет вообще? И это делается следствием, потому что нет контроля от начала до доведения до суда. Сейчас мы над этим работаем.
Сондай-ақ, президент ұлттық компаниялардың ішкі және сыртқы несиесін қайта есептеуді де тапсырды. Белшеден қарызға батқан квазимемлекеттік мекемелерді шетінен банкрот жасау керек деді Назарбаев.
Яғни, депутаттар президент айтқан осы мәселелерді жаңа заң жобаларында қарауы тиіс. Ал қолы ұзарып, құзыреті кеңейген депутаттар жаңа сессияны жаңа билікпен бастайды. Халық қалаулылары Үкімет мүшелерінің соңына май шам алып түспек. Уәдесінде тұрмаған, міндетін орындай алмаған министрлерді аямаймыз деп отыр.
Гүлжан Қарақұсова, Мәжіліс депутаты:
-Нәтижесі болмаса, , министрге: «рахмет, басқа салаға жол болсын дейміз». Әр бюджеттің тиыны тиімді пайдаланылуы керек.
Бір сағатқа жуық заң шығарушы органның алдында тұрған міндетті тізбелеген Президент Қазақстанның кибер қорғанысын күшейтіп, хаккерлердің шабуылына қарсы тұратын құжатты да қысқа уақытта қарап шығуға кеңес берді. Себебі қазір интернеттен төнген қауіп-қатер үдеп барады. Ал ұзақ демалыстан соң жұмысқа белсене кіріскен Парламент алдағы сәрсенбіде 12 заң жобасын қарамақ. Жалпы, депутаттар осы сессияда Салық кодексі, Ұлттық банктің қызметі, валюталық реттеу, бюджет сынды маңызды заңдарды қабылдайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!