{metadescription}
 Тараздағы дәмхананың бірінде болған алапат өртте тамақ ішуге келгендер тірідей жанып кете жаздады
 Тараздағы дәмхананың бірінде болған алапат өртте тамақ ішуге келгендер тірідей жанып кете жаздады

Тараздағы дәмхананың бірінде болған алапат өртте тамақ ішуге келгендер тірідей жанып кете жаздады

Құдай сақтағанда, олар жалын шарпыған нысаннан дер кезінде сыртқа шығып үлгерген.  

Мұнда өрт таңертеңгі сағат оннан аса тұтанған. Лезде күш алған жалын ғимараттың төбесін күлге айналдырды. Дәмханаға жақын бір үйдің және екі шаруашылық нысанның шатыры да отқа оранған. Оқиға орнына 14 техника жеткізіліп, 90-ға жуық құтқарушы бір сағат көлемінде тілсіз жаумен алысты. Өртте қаза тапқандар мен денесін күйік шалғандар болмағанымен, ыстан уланғандар жедел жәрдем көмегіне жүгінуге мәжбүр болған. Әзірге жалынның неден шыққаны белгісіз. Бірақ ел арасында қаладағы клиенті көп дәмханаға бәсекелестері қызғаныштан қасақана от қоюы мүмкін деген болжам айтылды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде