{metadescription}
Ақтөбеде шаранасы өлі туған келіншектің жақындары перзентханада шу шығарды
Ақтөбеде шаранасы өлі туған келіншектің жақындары перзентханада шу шығарды

Ақтөбеде шаранасы өлі туған келіншектің жақындары перзентханада шу шығарды

Өйткені суы кетіп жедел жәрдеммен жеткізілген  Асылзат Тұрарға дәрігерлер еш қарамады деп отыр. Шұғыл босандырудың орнына толғақтың келгенін күткізіпті. Жас босанған ананың өзі де соның кесірінен нәресте тұншығып қалды дейді. Алайда акушерлер өздеріне шаң жуытар емес. Қолдан келген шараның бәрін жасағандарын айтады. Тараптарды Жаңалық Ахаш тыңдап келді.

22 жастағы Асылзат Тұрардың екі күннен бері жанары жасқа толып жүр. Шаранасының жатырында жатып шетінеп кеткеніне күйінеді. Ал оған дәрігерлерді кінәлап отыр. Өйткені суы кетіп, жәдел жәрдеммен жеткенде ешкім көмек бермеген көрінеді.

Асылзат Тұрар, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

-Босанамын десем, жоқ әлі бір-екі сағат күтесіз дейді.  Күшенбе, күшенбе деді. Мен туып қойдым  жарты сағатқа   жеткізбей.

Асылзаттың анасы мен енесі де екі күннен бері перзентхана жағалап жүр. Айы-күні жетіп осында жеткізілген келіншекті дер кезінде неге босандырмағандарына ашынады.

-Он екіде хабарласқанда толғағы болды. Жарты сағат сайын маткасы ашыла береді ғой.

-Ол ретсіз толғақ. Ретті толғақ басталғанда родзалға ауыстырамыз. 

Дәрігерлер Асылзаттың шаранасының перзентханаға келгенде жүрегі соғып тұрғанын айтады. Бірақ осыдан сегіз жыл бұрын қабылданған заңға сәйкес толғағы піспеген келіншекті уақытынан ерте босандыруға құқықтары жоқ екен. Сондықтан кем дегенде 24 сағат күтуге мәжбүр болдық деп отыр.

Сәнтай Бержанова, Ақтөбе облыстық перинаталдық орталығы директорының орынбасары:

 -Гипоплазия деген баланың жолдасы. Ол өзінің көлеміне, өзінің салмағына жетпейді. Сосын бізге түскенде суы кетіп түсті. Күні жетілген жоқ. Жаңағы заң бойынша клиникалық протоколдар бар. Солар бойынша 24 сағат біз күтеміз.

Қазір баланың өлі туылуына байланысты гистологиялық сараптама тағайындалған. Соның қорытындысы шыққанда ғана дәрігерлердің әрекетіне баға берілетін болады. Ал облыстық перинаталдық орталықта жыл басынан бері 13 сәби шетінепті. Дегенмен, мұнда денсаулығында ақауы бар ана мен бала түсетінін де айта кетейік.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде