Маңғыстауда әуелі сүйген қызын, артынша өзін атып өлтірген жігіттің ісіне қатысты үкім шықты
Өзін өлімге қиған жігіт табельді тапаншаны күзет мекемесіндегі әріптесінен алған екен. Мұнайлы аудандық соты сол әріптесін қаруына ие болмағаны үшін екі жылға бас бостандығынан айырды.
Автор: Ербол Тұрымбет
05.09.2017
Оқиға биыл мамыр айында Басқұдық ауылында болған. Күзетші болып істеген жігіттің мұндай қадамға баруына ғашығының одан теріс айналуы себеп болған еді. Бір жыл бойы көңіл қосқан екі жас үш ай бұрын бойжеткеннің қалауымен айырылысады. Алайда оны ауыр қабылдаған азамат кек алуды көздеп, бұрынғы қызын үйіне іздеп келген. Сөйтіп, ай-шайға қарамастан інісі екеуіне 15 рет оқ атыпты. Ол екеуі қазір аман-сау. Ал соңғы оқты өзінің басына атқан кекшіл жігіт емдеу мекемесінде есін жимастан көз жұмды. Осылайша, бар қайғыға себепші болған тапаншаның иесі, яғни марқұм жігіттің әріптесі екі жылға түрмеге қамалатын болды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!