{metadescription}
 Астана тұрғындарына жол жиегінде тұрып такси тоқтатуға тыйым салынбақ
 Астана тұрғындарына жол жиегінде тұрып такси тоқтатуға тыйым салынбақ

Астана тұрғындарына жол жиегінде тұрып такси тоқтатуға тыйым салынбақ

Келесі апта әкімдіктегілер полицейлермен бірге қала ішіне рейдке шығып, заңсыз адам тасып жүргендерді анықтаймыз деп білек сыбанып отыр. Бірақ оның қиын болатын түрі бар.

Әбдіхамит Тамабаев, «Астана LRT» ЖШС маманы:

-Жолдың жиегінде қолды бұлғап, тоқтатып жүргенді тексеру қиын. Сесебі, туысқанын, отбасы мүшесін алып жүру мүмкін. Қазір ұйымдасқан түрде қызмет көрсетіп жүрген таксилерге байланысты болады.

Яғни, шенеуніктер алдымен жүргізушілерге ескерту жасамақ. Кейін полицейлер кез-келген таксиді тоқтатып, құжатын тексереді. Егер көлік иесінің қалалық көлік басқармасымен келісімі болмаса, 45 мың теңге айыппұл салынады. Бұл тұрғындар мен қонақтардың қауіпсіздігі үшін жасалып жатқан шара екен. Бірақ, атқамінерлердің жаңа бастаманы қалай жүзеге асыратыны әлі түсініксіздеу. Өйткені, әзірге «такси» деген жазуы бар көліктерді ғана тексермек. Ал ешқандай белгісі жоқ темір тұлпарды бақылау қарастырылмаған. Сондықтан әкімдік шаһардағы такси жүргізушілерін   бірігіп, белгіленген тариф бойынша жұмыс істеуге кеңес береді. Қазір Астанада ресми түрде 14 такси компаниясы жұмыс істейді. Ал оларда бар-жоғы 500 көлік қана. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.