Ақтөбеде қайтыс болған жігіттің бүйрегін кесіп алған дәрігерлер жазадан сытылып кетті
Ақтөбеде туыстарының рұқсатынсыз қайтыс болған жігіттің ішкі ағзасын алғандарға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Тергеушілер дәрігерлердің еш жазығы жоқ деп отыр.
Автор: Жаңалық Ахаш
05.09.2017
Екі ай бұрын 22 жастағы Серікболсын Көшербай облыстық ауруханада есін жимастан көз жұмған. Оның өлімін жақындарына естіртпестен дәрігерлер қос бүйрегін сойып алады. Сол бойда екі науқасқа салып берген. Кейін қаралы отбасы прокуратураға шағымданып, облыстық денсаулық сақтау басқармасының үстінен де сотқа арызданды. Бірақ ешбірінен қайран болмай отыр. Өйткені қазіргі заңға сәйкес мәйіттен ағзаны алуға ешкімнің рұқсаты қажет емес. Дәл осы донор дауына қатысты түсінік беру үшін өңірге сол заңды әзірлеуге белсене араласқан бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев те барғанын айта кетейік.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!