{metadescription}
Алматыда құбыр қазамын деп көз жұмған жігітке қатысты жаңа деректер шықты
Алматыда құбыр қазамын деп көз жұмған жігітке қатысты жаңа деректер шықты

Алматыда құбыр қазамын деп көз жұмған жігітке қатысты жаңа деректер шықты

Алматыда кәріз құбырын жүргізіп жатқан жасөспірім үстінен топырақ басып, қапыда көз жұмды. Марқұм болған жұмысшы 18-ге жаңа толған жас жігіт екен.

Қайғылы жайт Алматының «Шаңырақ» ықшамауданында болды. Куәгерлердің айтуынша, жұмысшы Түркістан қаласының тумасы екен. Ол тереңдігі үш жарым метр, ені жарты метр болатын мына жыраның ішінде болыпты. Күтпеген жерден қабырғасы опырылып, қалың топырақ үстінен басып қалған. Жедел жәрдем жылдам жеткенімен, ажалдан арашалай алмапты. Маңайдағы тұрғындар жуырда ғана осы көшеде су құбыры жүргізілгенін айтады. Енді кәріз құбырын жүргізу үшін көшені қайтадан қопарып тастапты. Соған қарағанда, алдыңғы көмілген жер қатпай жатып, жас жұмысшының өмірмен қоштасуына сол себеп болуы мүмкін. Қазір мән-жәйды анықтау үшін тергеу орындары жұмыс істеп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде