Теңге тағы әлсірей бастады
Өзбек ақшасы сияқты 2 есе болмағанымен, төл теңгеміз де күн өткен сайын құнсызданып барады. Ұлттық валютамызды доллар бір күннің ішінде 3 теңгеге әлсіреткен. Кеше KASE-де 337-ні құраған АҚШ ақшасының бағамы бүгін 340-тан бір-ақ шықты.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
05.09.2017
Ал, айырбас орындарындағы бағам тіпті 343 теңгені көрсетіп тұр. Бұл соңғы 9 айдағы ең жоғарғы көрсеткіш. Америка валютасы елімізде жарты жылдың өзінде 30 теңгеге қымбаттапты. Сарапшылар төл ақшамыздың тәлтіректеуін рубльдің бағамымен байланыстырады. Кеше Ресей ақшасы долларға қатысты 0,6 пайызға арзандаған. Ал, ол теңгеге зиянын тигізіп отыр. Бірақ, өзге валютаға қатысты әлсіреген рубль де бізде шарықтап барады. Ол кейбір ақша айырбастау орындарында 6 теңгеден сатылуда. Еуро да қымбаттауын тоқтатпай тұр. Ол 408-ге жетті. Айта кетсек, қазір қара алтынның бағамы біршама тұрақты. Яғни, Brent маркалы мұнай баррелі 52 доллардан сатылуда. Бірақ, бұл да теңгемізге көмектесер емес.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!