{metadescription}
Сағынтаев қысқа қамсыз отырған әкімдерге Шахан оқиғасынан сабақ алуға кеңес берді
Сағынтаев қысқа қамсыз отырған әкімдерге Шахан оқиғасынан сабақ алуға кеңес берді

Сағынтаев қысқа қамсыз отырған әкімдерге Шахан оқиғасынан сабақ алуға кеңес берді

Қыстың қамын жаз жасамаған жылу орталықтары биыл тағы қиналып қалуы мүмкін. Бүгін Үкіметте есеп берген Энергетика министрінің баяндамасы, келер қысты қамсыз қарсы алуға еш кепілдік бермейді. Тозығы жетіп, жөнделуі тиіс қазандықтардың жұмысы ілгерілемей, жөнделгендерінің өзі жазда сынаққа шыдас бермепті. Ашық-жарық 9 айда өнбеген жұмысты шенеуніктер енді күздің қысқа күнінде бітіреміз деп серт беріп жатыр.

-Үкіметтің бүгінгі отырысы қыстың қамына қатысты. Республика бойынша жылу беру науқаны қазанның орта кезінде басталады. Бірақ кейбір солтүстік өңірлерде қыс ерте түссе, жылу ерте берілмек.

Алайда солтүстік деген Павлодардың жылу маусымына дайындығы алаңдатады. Өйткені мерзімінде бітуі тиіс шаруа шатқаяқтап тұр. Енді атқамінерлердің жауапсыздығынан қарапайым халық зардап шегуі мүмкін.

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

-Екінші қазандықтың жөндеуі әлі аяқталған жоқ. Кешігудің себебі қазандықтың қызу беретін беткі жағы жеткізілмей жатыр. Енді қазанда аяқталады деп жоспарланған. Сондай-ақ нөмірі төртінші қазандықтың да жөндеуі жұмыстың бастапқы болжамнан көбейіп кетуіне байланысты шілдеде жоспарланғандай бітпей қалды. Екі қазандықты жөндеп алмағандықтан, 15-ші шілдеде басталуы тиіс нөмірі бесінші қазандық бойынша да жұмыс басталған жоқ.

Ел бойынша жөндеуі жоспарланған 10 энергоблоктың төртеуі тәмамдалып, төртеуі әлі де жөнделіп жатыр. Ал екеуі бойынша жұмыс мүлдем басталмаған. 61 жылу қазандығының тең жартысы әлі жөнделуде. 49 газ турбинасының 22-сі ғана дайын. Алайда Бозымбаев үлгереміз деп сенімді отыр. Премьер бүгін қара пешпен жылынамыз деп жарылған Шаханның оқиғасын де еске салды. Ол жақтың да жылу мәселесі сол күйі шешілмепті.

Анатолий Шкарупа, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары:

-Жылу маусымына дейін 30 автономды жылу жүйесінің 18-ін алып тастау жсопарланған. Оның ішінде Шахан ауылында жекеменшік қаражатқа 10 жаңа жылу жүйесі орнатылады. Тағы 12 үйдің пешін айырбастау келесі жылға қалдырылды. Бұл жобалау құжаттарына байланысты.

Қарағандыда жазда жөнделген жылу қазандығы сынақтан өтпей сүрініпті. Энергетика министрі бүгін үкімет басшысына сапасыз жөндеу жасалды деп шағымданды. Павлодар, Қарағанды облыстарымен қатар, проблемалы өңірлер қатарында Маңғыстау мен Оңтүстік Қазақстан бар. Қанат Бозымбаев, жалпы күллі Қазақстанның жылу жүйелері сын көтермейтінін айтады. Ал кеше мемлекет басшысы жүйені жаңғыртатын инвесторларды қызықтыру үшін тарифті көтеру керек деген-ді.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР премьер-министрі:

-Энергеия үнемдеу мәселесі қазіргі таңда жалпыұлттық міндет болып табылады. Парламент сессиясының ашылуында елбасының сөйлеген сөзінен де естідіңіздер. Көп мәселелер осы төңіректе көтерілді. Сол себепті қойылған тапсырмалардың барлығын орындауымыз қажет.

Бүгінгі отырыста премьер үкіметке елдегі әрбір кәсіпорынның қанша энергия тұтынып отырғанын есептеп шығуды тапсырды. Енді олардың нәтижелілік коэфиценті энергия үнемділігіне тікелей байланысты болмақ. Президенттің пәрменінен кейін тариф қымбаттаса салғырттық қалтаға да салмақ болмақ. Ал Үкімет осындай қадамға бармаса, кеңестен қалған жылу жүйелерінің жаңармайтын түрі бар. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде