{metadescription}
Әлемге танымал компания Қазақстанға жаңа технологияларын алып келмек
Әлемге танымал компания Қазақстанға жаңа технологияларын алып келмек

Әлемге танымал компания Қазақстанға жаңа технологияларын алып келмек

Қазақстандық өндіріс компанияларының цифрлі тиімді басқарылуына атақты Дженерал Электрик көмектеседі. Бүгін Астанада «Самұрық Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры америкалық компаниямен тиісті келісім жасасты. Дженерал Электрик өндіріс саласында заманауи технологиялар шығаратын компаниялардың көшбасшысы. Астанада өтіп жатқан Тәуелсіз әл-ауқат қорларының халықаралық форумы аясында Қазақстан үшін бірқатар тиімді меморандумдарға қол қойылды. 

Тәуелсіз әл-ауқат қоры  ұйымына әлемнің 31 мемлекетінің 32 қоры кіреді. Оның құрамында біздің «Самұрық Қазына» мен Ұлттық банк те бар. Ұйым форумы Қазақстанды айтпағанда, орталық Азия мемлекетінде алғаш рет өтіп отыр. Ұйым мүшелерінің басқаруында 3 трлн доллардан асатын капитал бар. Қорлар бұл қыруар ақшаны тиімді деген мемлекеттердің нарығына инвестициялайды. Бүгін Қазақстан экономика үшін тиімді үш бірдей келісім жасады.

Дебора Шерри, «GE Digital Europe» компаниясының бас директоры:

-Дженерал Электриктің интернет шешімдерін қолданып Қазақстанда индустриялық  дүмпудің жаңа сандық кезеңін жеделдетуге болады. Бұл құр бос, жылтыр сөз емес. Арадағы ынтымақтастық нәтижелі болса, түсіністік болса Қазақстан Орталық Азиядағы ірі экономикалардың біріне айналады. 

Үш меморандумның бірі – италиялық ЭсДиПи Экьюти, «Самұрық Қазына» және «ҚазАгро» холдингі арасында жасалды. Маңызды құжаттың мәні – шетелдік компания қазақ ауыл шаруашылығына демеу боладыға саяды. Яғни отандық ауыл шаруашылығына италиялық технологиялар келеді деген сөз.

Нұрлан Рахметов, «Самұрық Қазына» АҚ Үкіметпен байланыс бойынша басқарушы директоры:

- Біз үшін халықаралық компания, қорлармен серіктесу маңызды бағыт.  Мемлекет басшысы алдымызға елге трансұлттық компаниялар мен стратегиялық инвесторларды тарту міндетін қойып отыр. Бүгінгі келісімдер елге жалпы өндірістің тиімді басқарылуымен қатар, жаңа технологияларды да алып келеді.

Форум жұмысы ертең де жалғасады. Оның алаңы Қазақстан үшін инвестициялар тарту үшін қандай жақсы мүмкіндік болса, әлемнің жетекші әл-ауқат қорлары үшін де жаңа нарықтарға шығудың таптырмас жолы

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде