{metadescription}
Түтінге тұншыққандар: Алматы тұрғындары шенеуніктердің түк бітірмей отырғанына ашулы
Түтінге тұншыққандар: Алматы тұрғындары шенеуніктердің түк бітірмей отырғанына ашулы

Түтінге тұншыққандар: Алматы тұрғындары шенеуніктердің түк бітірмей отырғанына ашулы

Алматыда бүтін бір ықшамаудан тұрғындары бықсыған қоқыс пен көңнің иісінен мезі болған. Тыныстау қиындап, тіпті көбі көк жөтелден арыла алмай жүр. Сөйтсе, қоқыс полигонын екі ай бұрын біреулер өртеп кетіпті. Жалын өшірілгенімен, қалдық содан бері бықсып жатыр екен. 

Жаз келгелі Жерұйық көшесіндегі тұрғындардың өмірі тамұққа айналғандай. Екі ай бұрын әлдекімдер көң мен қоқысқа от қойыпты. Содан бері қолқаны қабар сасық иіс күндіз күлкі, түнде ұйқыдан айырған. Түсте сейілетін қоқыс түтіні, қас қарая қайта қоюланады.

Сәбит Қайрақбаев, Алматы қаласының тұрғыны:

-Әбден қар жауып, жаңбыр баспаса түтін тарқамайды. Өрт сөндірушілер жұмыс істемейді. Осы жерде өтірік тұрғандай боп кейін кетіп қалады. 

Күлән Байназарова, Алматы қаласының тұрғыны:

-Есік аша алмаймыз. Қайта- қайта тамағым ісіп ауруханаға  түсемін. Енді бұл жерде айтпаған адамымыз қалмады. Ешқайсысы ескермейді.

Шарасыздықтан жандарын қоярға жер таппай шырылдаған көпшілік өздерінен бұрын балаларына алаңдаулы. Өйткені, ескі алдына шығып ойнаудан да қалды дейді. 

-Тұрғындарды тұншықтырған иіс дәл осы жерден тарайды. Ауыл адамдарының айтуынша, бұрынғы сүт фермасы сүрілгеннен кейін ішіндегі малдың қиы осы аумаққа төгілген. Былтырдан бергі жағдай осындай. Бас алған отты қанша жерден өшіргенмен, түтін қыс келгенше бықсып жатып алады. Мына иіс пен көз жасаурататын түтін адамдарды әбден әбігерге салып, титықтатып біткен.

Ал, жергілікті билік болса, ат шаптырым аумақтың тек шетіне құм төгіпті. Іс сонымен бітті деп ашық айтып отыр аудан басшылары.

Қайыржан Жақсымбетов Алатау ауданы әкімінің орынбасары:

-708 машина топырақ төгілген. Төгіліп, тегістеліп жатыр. Егер әкімдік тарапынан көмек болмаса ол 708 машина қайдан барады?

Атқамінерлер күздің кұбылмалы күніне сенім артқандай. Бықсыған түтінді жақын арада жаңбыр тоқтатпаса, әкімдіктің жіберген жалғыз тракторы маң-маң жүріспен маңдытпайтын түрі бар. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.