{metadescription}
Ұят қысты: Ақтөбеде ресейлік әнші мазақ қылған қонақүйді көруге Сапарбаевтың орынбасары арнайы барды
Ұят қысты: Ақтөбеде ресейлік әнші мазақ қылған қонақүйді көруге Сапарбаевтың орынбасары арнайы барды

Ұят қысты: Ақтөбеде ресейлік әнші мазақ қылған қонақүйді көруге Сапарбаевтың орынбасары арнайы барды

Ресей әншісі күлкі қылған қонақ үйдегі жағдайға ақтөбелік шенеуніктер бас қатырып отыр. Айтылған сынды ауыр қабылдағаны сонша, аймақ басшысы орынбасарының өзі сол мейманхананы көруге барды. Ал ресейлік өнерпаз оны әлеуметтік желіде сынаған еді. 

-У нас холодильник не включатеся. Одно единственный разетка. Ну конечно же гордость дизайна-лежачий фен....

Ақтөбеге гастрольдеп келген "Иванушки International" тобындағы Андрей Григорьев-Аполлоновқа қонақ үйдегі жағдай ұнамай қалыпты. Істен шыққан теледидардан бастап, бөлмедегі барлық техниканың ақауын бейнетаспаға тәтпіштеп түсірген. Артынша әншінің әлеуметтік желіге роликті жариялағаны сол екен, жұрт мейманхананың дымын қалдырмаған. Бұл сын облыс әкімдігіндегі шенеуніктерге ұнамай қалыпты. Себебі, сырттан келген қонақтарын дәл осы жерге түсіреді. Тіпті, ресей әншісінің алдында сол бөлмеге Павлодар қаласы әкімінің орынбасары жатып кетіпті. Бірақ ол бірауыз сын айтпаған. Әйтсе де қонақ үй қожайыны шенеуніктердей емес, ресейлік әншінің мініне еш бас қатырып отырған жоқ. Ол еліміздің өнерпаздары үнемі алғыс айтады ғой деп отыр.

Қалауша Садықова, қонақ үй иесі:

-Ол бізге алғаш келген танымал мейманымыз емес. Бұған дейін Бүркіт болды. Қыдырәлі Болманов пен Қарақат келді. Енді қонақ үйді жаңадан жабдықтап жатқан кезде осындай жағымсыз жағдайлар болады.         

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде