{metadescription}
Әскер: Елімізде бір сарбазға бюджеттен қанша ақша жұмсалатыны белгілі болды
Әскер: Елімізде бір сарбазға бюджеттен қанша ақша жұмсалатыны белгілі болды

Әскер: Елімізде бір сарбазға бюджеттен қанша ақша жұмсалатыны белгілі болды

Бір  сарбазға 1 миллион теңге! Елімізде әскердегі әрбір жауынгерді асырауға бюджеттен осыншама қаржы жұмсалады. Бұған күнделікті үш рет берілетін тамақ, жатын орны және киім кешегі кіреді.  Қыркүйектен бастап Қазақстанда күзгі әскерге шақыру жүріп жатыр. Желтоқсанға дейін созылатын науқан кезінде қарулы күштер қатары тағы 17 мың жігітпен толықпақ.

Отаналдындағы борышын өтеу үшін жігіттер осылай кезекке тұрып, медициналық тексерістен өтіп жатыр. Дәрігерлер олардың денсаулығымен қатар психологиялық күйіне басты ден қойған. Ақ халаттылардың сөзінше, болашақ сарбаздардың 86 пайызы әскерге жарамды. Ал Қорғаныс министрлігі бөлімдердегі әлімжеттікті тамырымен жою мүмкін еместігін мойындап отыр. Бірақ тәртіп бұзушылардың қатаң жазаланатынын ескертті.

Мүслім Дайыров, ҚР ҚМ Бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру  жұмыстары департаментінің бастығы:

-Ешқандай себепсіз әскерге барудан бас тартқандарды 1000 айлық есептік көрсеткіш бойынша айыппұл күтіп тұр. Бұл шамамен 2 миллион теңге немесе 1 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы  мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде