{metadescription}
Сұмдық: Атырауда кішкентай қызды зорлап өлтірген педофилге қатысты сот басталды
Сұмдық: Атырауда кішкентай қызды зорлап өлтірген педофилге қатысты сот басталды

Сұмдық: Атырауда кішкентай қызды зорлап өлтірген педофилге қатысты сот басталды

Атырауда 8 жасар Айкөркем Алдамжарды зорлап, артынан айуандықпен өлтірген педофил сот алдында жауап бере бастады. Арман Рсалиевке адам өлтіру және зорлау баптары бойынша айып тағылып отыр.

Тергеу мәліметінше, 28 жастағы жігіт мас күйінде көрші үйдің қызын өзен жағасына алдап апарып, зорлаған. Артынан қылмысын жасырмақ болып, жеткіншекті өзенге лақтырып жіберіпті. Сөйтіп, Айкөркем суға тұншығып өлген. Еске сала кетейік, Айкөркем Алдамжар биыл маусымның 14-і күні ұшты-күйлі жоғалып кеткен. Қыздың денесі арада 5 күн өткенде Жайық өзенінен, өзі жоғалған маңнан 1 шақырым қашықтықтан табылған болатын. Оны іздеуге тіпті қазір айыпталушы орындығында отырған Арман Рсалиев те қатысты. Бірақ артынан кінәсін мойындаған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде