Ақорда: Польша президентінің кішіпейілдігі көпшілікті тәнті етті
Бүгін елімізге мемлекеттік сапармен келген Анджей Дуда Қазақстанмен арадағы визаны алып тастауға қарсы еместігін мәлімдеді. Ал Ақордада әріптесімен келіссөз жүргізген Нұрсұлтан Назарбаев қазақ-поляк қатынасының бүгінгі күннен бастап жаңа белеске шыққанын айтты.
Автор: Ербол Сейілхан
06.09.2017
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:
-Қазақстан нарығында Польша іскерлік топтарының саны артып келеді. Бізде әсіресе, ауыл шаруашылығы энергетика, химия, көлік құрылыс салаларында 115 поляк кәсіпорны жұмыс істейді.
Астана мен Варшаваны одан сайын жақындату үшін біздің үкімет екі арадағы визаны алып тастаған еді. Қазір поляктар елімізде бір ай ешқандай кедергісіз жүре алады. Енді осындай жеңілдікке Қазақстан азаматтары да қол жеткізетін күн алыс емес сияқты. Бұл мәселені Назарбаев әріптесі Дудаға төтесінен қойып, оны тезірек шешуге ұсыныс жасады. Себебі визасыз тәртіп алдымен туристер мен кәсіпкерлерге кең жол ашады. Қазақстанмен бірге социалистік жүйеден шықса да, орталық еуропадағы экономикасы мығым саналатын Польшада қазір 700-ден астам қазақ баласы оқып жүр. Ал қазақтың қонақжайлылығына тамсанған Польшаның 45 жастағы президенті бүгін дипломатиялық протоколды бұзды. Баспасөз мәлихаты аяқталған бойда, Нұрсұлтан Назарбаев мейманға жол бергені сол еді, бірақ Анджей Дуда кішіпейілділік танытып, көпті тәнті етті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!