Тығырық: Депутаттар «Туристік қамқор» қорын жауып тастауды ұсынды
Өйткені ұйым шетелге демалуға шыққан туристердің басына күн туса, қол қусырып қарап отыра береді екен.
Автор: Жәудір Оразхан
06.09.2017
Меруерт Қазбекова, Мәжіліс депутаты:
-Олардың жұмысы ашық емес. Ешкімге есеп бермейді. Бюджетке қандай пайда түсіп жатқаны да белгісіз. Қор белгілі бір адамдарға жоғары жалақы төлеу үшін құрылған сияқты. Ал туристерге не бары үш рет қана көмектескен.
Сондықтан депутат қордың орнына сақтандыру бизнесін дамытуды ұсынды. Ал қазір шетелге демалуға кеткен әр адам «Турситік қамқорға» 1.130 теңге төлеуге міндетті. Қордың есеп шотында бүгінде 230 миллион теңге жатыр. Бұл қаржы отандастарымыздың қауіпсіздігі үшін қажет деп жиналған. Бірақ, жұрт аударған ақшаның қайда кетіп жатқаны түсініксіз. Өйткені, қор шетелдердегі туристердің құқығы тапталған жағдайда көбіне көмектеспейді. Тіпті қор өзіне қарасты туристік компанияның жұмысын бақыламайды да дейді депутат. Ал үлкен дауға қалған «Туристік қамқор» болса, қарамағындағы 63 компанияны тексеуге құқығымыз жоқ деп отыр.
Асылхан Есілов, «Туристік қамқор» қорының директоры:
- «Туристік қамқор» туристердің қауіпсіздігіне кепіл беертін жүйенің тек ұйымдастырушысы. Оның үстіне жұмысты басталғамнына жыл да толмады. Нәтижесі жайында айту ерте. Ал қордағы қаржыны ешқашан жасырған емеспіз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!