Адасқандар: Иракта тұтқынға түскен ДАИШ содырларының арасында қазақ азаматы жүр
Бұл туралы бейнежазба ғаламтор желісінде тарауда. Жазбаны күрдтердің «Пешмарга» аталатын әскери бөлімінің сарбаздары түсіріпті.
Автор: Ербол Тұрымбет
06.09.2017
Тұтқындардың әрқайсысы осылайша өзінің қайдан келгенін айтып жатыр. Қазақтан бөлек, араларында Ресейден келгендер және тәжік, әзірбайжан, иран азаматтары да бар. Барлығы да қолға түскен бүлікшілер. Әл-қуаты кеміген кейбірі аяқтан тұра алмай құлап жатыр. Әлеуметтік желіде жүрген бұл көрініске қатысты еліміздің құзырлы орындары ешқандай мәлімет бере алмады. Айта кетсек, осы күрдтердің бақылауындағы Ирактың Таль-Афар қаласынан өткен аптада ғана қазақстандық 4 әйел мен 10 бала құтқарылған болатын. Олар дәл осы ДАИШ сапында соғысқан қазақтардың отбасы болуы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!