Сұмдық: Оралда қызғаныштың құрбаны болған жігіт ашынасын азаптап өлтірді
Оралда алапат жалыннан кейін мәйіті табылған 3 адам алдын-ала айуандықпен өлтірілген болып шықты. Тілсіз жаудан бұрын олардың әрқайсысына 18 реттен пышақ сұғылған. Ал, осы қанды қылмысын жасырмақ болған қаскөй артынша үйге от қойыпты.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
06.09.2017
Пышақталған - 23 жастағы қос келіншек пен біреуінің 3 жасар баласы. Күдікті марқұмдардың бірінің сүйіктісі болған екен. Ол мұндай қылмысқа қызғаныштан барған. Қаскөй көңілдесінің жалдамалы үйіне барып, алдымен құрбысы мен баласын, кейін өзін өлтірген. Мұнымен қоймай, үйді өртеп жіберіпті. Десе де көп ұзамай ұсталды. Ол еш жерде жұмыс істемеген 1993 жылғы қала тұрғыны екен. Бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталып келген ол, кінәсін мойындап отыр. Айта кетейік, өрт кеше қала шетіндегі жер үйде болған еді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!