Төтенше оқиға: Атырауда жұмысшылар жаппай астан уланды
Қала маңындағы “Қарабатан” зауытында істейтін 20 шақты адам жедел түрде Атырау облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген.
06.09.2017
Дәрігерлердің айтуынша, науқастарға сальмонеллез диагнозы қойылған. Медициналық көмек көрсетілген жұмысшылардың 10-ы жағдайы ауыр болуы себепті ауруханаға жатқызылып оқшауландырылса, өзгелері үйлеріне жіберілген. Қазір олармен қарым-қатынаста болған басқа да адамдар тексеріліп, дезинфекциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Нұрфия Ғизатова, Атырау облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бөлім меңгерушісі:
-Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бірлескен комиссиясы сол жерде жұмыс істеп жатыр. Күдікті науқастар қаралып, барлық жерде де алдын алу шарасы өтіп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!