Оралдық ғалымдар тарихи орынды мұражайға айналдыра алмай келеді
Көне Жайық қалашығы қалпына келтірілуі тиіс. Оралдық ғалымдар осыдан 16 жыл бұрын қазылып біткен тарихи орынды мұражайға айналдыра алмай келеді. Археологтардың өзі жобаның макетін құрастырғанымен, әзірше қаржыландыру және өзге де құжаттар жасалмаған.
Автор: Олжас Байжан
07.09.2017
Бұл тарихи ескерткіш археологиядағы ірі жаңалықтардың бірі. Яғни, Жайық бойында қазіргі Оралға дейін де қалалардың болғанының айғағы. Тарихшылар енді осы көне елді-мекенді тұпнұсқадағыдай қалыпқа келтіруді көздеп отыр. Мавзолей, үйлер, монша мен шеберханалар тура сол замандағыдай кейіпке оралуы тиіс. Тіпті ашық аспан астындағы мұражайда туристер арналған демалыс орындары мен этнопарк құру жоспарларған. Ол үшін жергілікті бизнесмендерді шақыру жоспарда бар.
Мұрат Сыдықов, БҚО Тарих және археология орталығының директоры:
-Соңғы 15 жыл ішінде Батыс Қазақстан облысында «Алтын әйел», тақсай ханшайымы секілді тарихи ескерткіштер табылды. Осылар арқылы біз көшпенділердің өмірін бүкіл әлемге көрсетуге болады. Жұрт 2500 жыл бұрынғы тарихпен етене таныса алады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!