Атырауда астан уланып, ауруханаға түскендердің саны артты
Қазір облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында «Қарабатан» серіктестігінің 13 жұмысшысы жатыр. Оның екеуі аспаз. Болжам бойынша, ауруды таратушы осы екі аспазшының бірі болуы мүмкін. Өйткені, тексеріс кезінде одан сальмонеллездің қоздырғышы анықталыпты. Ал осы ауру шыққан асханадан 140 жұмысшы тамақтанған екен. Бірақ олардың осы уақытқа дейін 29-ы ғана дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Қазіргі таңда олардың 13-і ауруханада жатса, өзгелері үйлеріне жіберілді. Ал ауру шыққан асхананың жұмысы тоқтатылып, ол жерде тексеріс жүріп жатыр.
07.09.2017
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары