{metadescription}
Ұлттық банк  болжамы шындыққа жанаспайтын  сарапшыларды сынға алды
Ұлттық банк  болжамы шындыққа жанаспайтын  сарапшыларды сынға алды

Ұлттық банк болжамы шындыққа жанаспайтын сарапшыларды сынға алды

Доллар төмен түсті. 344 деген деңгейге дейін көтеріліп, жұрттың дегбірін қашыра бастаған АҚШ ақшасы бірнеше сағат бұрын шамамен 8 теңгеге арзандады.  

Қазір ақша айырбастау орындары долларды 337 теңгеден сатып жатыр. Ал сатып алу бағасы – 336, кей жерлерде, тіпті, 335 теңге. Валюта бағамы бүгін кешкісін өзгерді. Айта кету керек, Brent маркалы мұнай бағасы да көтеріліп, баррелі – 54,48-ден сатылуда. Теңгенің нығаюына Ұлттық Банктің әрекеті де әсер еткен болуы мүмкін. Өйткені, өткен айдың соңында шетел валютасы айрықша сұранысқа ие боп, банк 70 миллион долларға интервенция жасауға мәжбүр болған. Сөйтіп, доллардың қымбаттауына жол берілмепті. Қаржыгерлерге сенсек, теңге бұдан әрі құнсызданбайды. Әрине, қара алтын мен рубльдің құны аяқасты өзгермесе ғана. Ал доллардың соңғы өсіміне Ұлттық Банктегілер сарапшыларды кінәлады. Себебі, солардың алып-қашпа әңгімесінен соң адамдар көк ақшаны көптеп ала бастапты.              

Әділ Мұхамеджанов, ҚР Ұлттық Банкі департамент директорының орынбасары:

-Кейбір сарапшылардың берген сұхбатынан соң долларға деген сұраныс одан сайын арта түсті. Себебі, олар теңге әлсірейді деген болжамдарды айтты. Әрине, ешқандай девальвация күтіліп жатқан жоқ. Ұлттық Банк жағдайда бақылауына алып, теңгеге деген қысымды азайтты. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде