{metadescription}
Қазақстан зілтеміршілері 2017-ші жылғы әлем чемпионатына қатыспайды
Қазақстан зілтеміршілері 2017-ші жылғы әлем чемпионатына қатыспайды

Қазақстан зілтеміршілері 2017-ші жылғы әлем чемпионатына қатыспайды

Бұл туралы бүгін Инсайтзегеймс.биз порталы жариялады. Сайттың мәліметіне сенсек ұлттық құраманың дүбірлі додадан шеттетілуіне допинг дауы себеп болған.

Қара тізімге ілінгендердің ішінде Ресей, Қытай сынды тағы сегіз мемлекет бар. Бұл елдердің спортшылары Бейжің, Лондон олимпиадаларында допинг қолданғаны үшін спорттан аластатылған еді. Халықаралық комитет Илья Илин, Мая Манеза, Зульфия Чиншанло, Светлана Подабедова сынды біздің чемпиондардың да осы себеппен спорттағы жолын бірнеше жылға жапты. Және олардың жеңісін жоққа шығарған. Сол үшін әлемдік жарысқа Қазақстан қатыспайды деп жазыпты ақпарат құралдары. Алайда , Қазақстан ауыр атлетика федерациясы шетелдік порталдың жазған ақпаратын жоққа шығарды. Айтуларынша, әлем чемпионатына кімнің қатысатынын анықтайтын жиын қыркүйектің соңында болады екен. Оған біздің елдің өкілдері де барады. Ал әзірге алаңдайтын дәнеңе жоқ дейді бас бапкер. Дәл қазір елеміздің ең мықты зілтеміршілері Талдықорғанда жүр. Олар Қазақстан біріншілігінде кім мықтыны анықтап жатыр.

Юрий Мельников, Қазақстанның ауыр атлетикадан бас бапкері:

-Әзірге нақты шешім қабылданған жоқ. Барлығы қыркүйектің соңғында өтетін жиында белгілі болады. Оған Қазақстан ауыр атлетика федерациясының президенті қатысады. Біздің спортшылар өткен жылы да биыл да допинг дауына ілінген жоқ. Қазір Қазақстан Чемпионатына қатысып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

24 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде