Қазақстан тұқымы құрыған Торғай жолбарыстарын қайта тірілтпек
Осыдан 50 жыл бұрын тіршілігі тоқтаған жануарларды Ауыл шаруашылығы министрлігі көршілес Ресейден әкелмекші.
Автор: Азамат Алдоңғаров
08.09.2017
Ол жолбарыстар Торғай тұқымының өзі болмаса да, еш ерекшеленбейтін Амур жолбарыстары дейді шенділер. Сирек кездесетін жыртқыштар келер жылдан ашылатын Іле-Балхаш қорық аумағына әкелінеді. Бұл шамамен 2025-2027 жылдарда. Ал оған дейін отандық ғалымдар, шетелдіктердің көмегімен қазақ даласын оралман аңдарға бейімдемек. Ең батыл болжамдар бойынша, жоба сәтті болған күнде елу жылдан кейін жолбарыстардың популяциясы 150-180 басқа жетуі тиіс. Жобаны жабайы табиғатты қорғау халықаралық қоры қолдап 10 миллион еуро бөлген. Ал Қазақстан жолбарыстарды құтқаруға 117 миллион теңге жұмсамақ.
Асқар Мырзахметов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:
- Бұл бір жылдың жобасы емес. Ұзақ жылдар мен көп жұмысты қажет етеді. Қазіргі кездегі басты міндет, жануарлар орналастырылатын табиғи аймақты дайындау
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!