{metadescription}
Шығыс Қазақстанда отыздан астам отбасының үйсіз қалу қаупі бар
Шығыс Қазақстанда отыздан астам отбасының үйсіз қалу қаупі бар

Шығыс Қазақстанда отыздан астам отбасының үйсіз қалу қаупі бар

Белоусовка ауылының тұрғындары үйлері апатты жағдайда тұрған соң басқа муниципалды үйге көшірілген. Алайда, жаңа қоныстары да жайлы болмай, ақыретті көріп отыр. Оның үстіне, тұрып жатқан үйлерін заңдастырып алуға да рұқсат жоқ екен. Айналып келгенде, ескі үйлері сүріліп кетсе, баспанасыз жүрген пәтер жалдаушыларға айналып шыға келмек.

Ескі үйін тастап, муниципалды үйге көшкен Ольганың қазіргі пәтері мынадай. Пәтерінің іші қазірдің өзінде шіріп жатыр. Төбеден сорғалаған судың ізі бұрыштарын түгел көгертіп жіберген. Жөндеп алайын десе қыруар қаражатты қалталары көтермейді. Қолдан келгені тек қабырғадағы шіріндіні қырып алу ғана.

Ал мынау Ольганың ескі үйі. Тұруға жарамайтын болған соң жергілікті билік осы жерден алты жыл бұрын көшіріп жіберген. Бүгінде ұры-қары ішінің түгел үптеп біткен. Бірақ, құжат жүзінде әлі күнге тұрғындардың атында тұр. Сондықтан, оларға жаңа пәтерлерін заңдастырып алуға рұқсат жоқ. Ольга секілді 35 пәтердің иесі осыған бас қатырып жүр.

Раиса Казакова, Белоусовка ауылының тұрғыны:

-Қазіргі пәтерлерімізді жалдап отырсақ, онда нағыз иелері адам тұратындай қылып жасап берсін. Келісімшартта олардың міндеті екені анық жазылған.

Жергілікті билік өкілдері болса үйді жамап-жөндеуге белсенді атсалыспайды деп тұрғындардың өздерін айыптайды. Алайда, жұрт жиналып дау көтерген соң ғана кенеттен бюджеттен екі миллион теңге табыла кетті. Дегенмен, муниципалды баспананы толық жөндеп шығу үшін ол да жеткіліксіз.

Серік Жұмаділов, Глубоков аудандық ТКШ бөлім басшысы:

-Біз заң аясынан шыға алмаймыз. Әзірше заңгерлеріміз жұмыс істеп жатыр. Ескі үйлерін сүру мәселесі шешілген бойда тиісті шаралар қабылдап, жаңа пәтерлерін заңдастырып береміз.

Ал ескі үйді сүріп тастау үшін арнайы сот сараптамасы жүргізілуі керек. Оның шығынын өтеу де тұрғындардың мойнына түсейін деп тұр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде